Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басына шығып дұға оқыған: Ақтауда ұлы мен келіні қарт анасын ұрып-соғып, азаптап өлтірді

Қылмыстық іс материалына сәйкес, ерлі зайыптылар егде жастағы әйелді пәтерінде ұрып-соғып, азаптап өлтірген.

Ақтау қалалық сот төрешісі Гүлнәр Байтұрованың айтуынша, әйелді аяғынан ұрып, бөлмесіне кіргізіп, төсегіне жатқызады. Қарт ананы ұлы мен келіні ұрды, деп жазады Тумба.

Келіні енесін оң қолымен иығынан ұстап, төбесінен тұрып дұға оқыды. Ерлі зайыпты қандай да бір діни ағымның мүшелері болуы мүмкін.

Ер адам анасын иығына ұстап, тізесін төсектің аяғымен басып, өз салмағымен анасының денесіне ауырлық келтіреді.

Бұл қарт анаға ауыр тиді. Анасы ауыр азапқа төзе алмай өліп кетті.

Дәрігерлер аман алып қалуға болар еді. Бірақ жедел жәрдемді ешкім шақырмаған. Ұлы мен келіні анасын жалғыз қалдырып, өзге пәтерге балаларына кетеді. Олар анасының ауырлықтан қиналып, өліп бара жатқанын көзімен көрген.

Сот шешіміне сәйкес,ерлі зайыпты кінәлі деп танылып, әрқайсысы 8 жылға сотталды. Жазасын орташа қауіпсіздік қамтылған мекемеде өтейді. Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау