Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында басына оқ тиген аудан әкімі орынбасарының ұлы оның жағдайы туралы айтты

Түркістан облысында оқ жарақатын алған Төле би аудан әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваның ұлы Шымкент ауруханасында жатқан анасының жағдайын білу үшін шұғыл түрде Астанадан ұшып келді.

Басына оқ тиген: Түркістан облысында оқ атылған аудан әкімі орынбасарының ұлы оның жағдайы туралы айтты

Бұл туралы «Отырар» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Анаммен болған жағдайды түскі уақытта білім, алғашқы рейспен Астанадан ұшып келдім. Маған айтылғандай, біздің үйіміздің маңында анама қастандық жасалып, оның басы жарақаттанған. Мен бірден ауруханада жатқан анама барып, жағдайын білдім. Жарасын тіккен. Қазіргі уақытта жағдайы қанағаттанарлықтай. Бұған дейін мұндай жағдай болған емес», – дейді Болат Жаппаров.

Төле би аудандық әкімдігінің қызметкерлерінің сөзінше, Рабиға Бекбаеваның әкімнің орынбасары қызметін 7 жыл бойы атқарып келеді.

Еске сала кетсек, 23 қазанда Төле би ауданының әкімі Рабиға Бейсебаеваны атып кеткен еді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова күдіктілердің іздеуде екенін айтты.

“Соталды тергеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілердің тұлғасын анықтау және оларды ұстау жұмыстарын жүргізіп жатыр”, — дейді Салтанат Қаракөзова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау