Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басына қайшы кіріп кеткен әйел өздігінен ауруханаға жетіп, аман қалды

Қытай тұрғыны басына кіріп кеткен қайшымен бірге ауруханаға дейін жетіп, ақырында аман қалды. Ота сәтті өтті.

Басына қайшы кіріп кеткен әйел өздігінен ауруханаға жетіп, аман қалды

Бұл туралы ағылшын басылымы Daily Mail-ге сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқыс оқиға Шэнь Сяоин өз бақшасында жұмыс істеп жүрген кезінде болған. 57 жастағы әйел жеуге жарамды жапырақтарды қырқып алмақшы болған. Ол өсімдікке жету үшін қайшыға бамбук таяғын қайшыға бекітіп қойған-ды. Бір мезетте таяқ сынып кетіп, қайшы Сяоиннің басына бір-ақ түскен. Қытайлық әйел байсалдылық танытып, автобуспен ауруханаға жөнелткен. Дәрігерлер тез арада әйелді рентгенге түсіріп, қайшының төрт сантиметрге кіргенін және миға тиіп кеткенін анықтады.

Дегенмен, бұл оқиға әйелге айтарлықтай залал тигізген жоқ. Әйел оқиғадан кейін көп ұйықтайтынын және сезгіштік қасиетінің төмендеп кеткенін айтқан. Қайшыны толық алып тастау үшін дәрігерлер екі ота жасауға мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз: 

Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған

2018 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Аумағы футбол алаңындай аралдағы 1000 адам қалай өмір сүріп жатыр (фото)

32 жастағы жігіт тоғыз жасынан бастап қолмен жүруді үйренген

Талқылау