Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы орындыққа қысылып қалған кішкентай қыздың әжесі құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

Қостанайда ойнап отырып басы ағаш орындықтың тірегіштерінің арасына қысылып қалған қызды тек құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен босата алды.

Басы орындыққа қысылып қалған кішкентай қыздың әжесі құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

Бұл туралы Alau.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 4 желтоқсанда қаладағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған.

Жұмысқа кеткен ата-анасы 2 жасар қызын әжесімен бірге қалдырған. Алайда бірер минут әжесінің қарауынсыз қалған қыз ойнап отырып басын ағаш орындықтың тірегіштерінің арасына тығып жіберіпті. Алайда ол басын қайтып шығара алмай қойған.

Оны көрген әжесі де немересін босатып алмақ болғанымен, қолынан келмейді. Сол кезде ол шұғыл қызметке қоңырау шалуды ұйғарады.

«Ол құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды. Ол гидравликалық құралды қолданып, баланы босатып алды», – дейді қалалық ТЖД-дағылар.

Құтқарушылардың сөзінше, бала жарақаттанбаған, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау