Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы қысылып қалған: Аттракционда отырған бала 40 метр биіктен құлап кете жаздады (видео)

Қытайдың Тайчжоу қаласында анасы саябақта кішкентай баласымен бірге серуендеп жүрген. Әйел баласын шолу дөңгелегіне отырғызамын деп, одан айырылып қала жаздады.

Басы қысылып қалған: Аттракционда отырған бала 40 метр биіктіктен құлап кете жаздады (видео)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анасы билет үшін төлейтін 30 юаньді (1500 теңгеден аса) үнемдеп қалғысы келіп, оператормен келісіп, баласын аттракционға жалғыз отырғызған. Шолу дөңгелегіндегі бала отырған кабина ең төбесіне жеткен кезде, ол ашық тұрған терезеден сыртқа шықпақ болыпты. Осы кезде баланың басы кабинаның темір торларының арасына қысылып қалып, ол 40 метр биіктен құламай, аман қалды.

Саябақ қызметкерлеріне кабинаны баяу түрде жерге қайтаруға тура келген. Оны төменде анасы күтіп алды.

Оқиғадан кейін бала ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, оның мойын тұсы ғана жараланған.

Қала билігі оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау