Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бастысы арым таза: Қарақат Әбілдина дау тудырған коттедж мәселесіне қатысты шындықты айтты

Биылғы жылдың жазында қолөнер шебері Ырза Тұрсынзада Қыдырәлі мен Қарақатты айыптап, қолөнершілердің коттеджін басып алғанын айтқан еді. Салдарынан арада дау туып, артынша мәселе заң жүзінде шешілген-ді. Сол кездегі қиындықты еске алған Қарақат Әбілдина оқиғаға қатысты шындықты айтып берді.

Қарақат Әбілдина

Бұл туралы әнші НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Еске сала кетсек, қолөнерші Тұрсынзада Ырза Қыдырәлі мен Қарақатты Астанадағы қолөнершілер коттеджін басып алды деп айыптады. Ырзаның айтуынша, Болманов оның құжаттарының жоқтығын біле тұра, оның алдын орап кеткен.

«Сенің бетің жылтыр, бірақ сол беттің астында тұрған арың, жамауға келмейтін жыртылған ар екен. Саған айтатыным сол Қарақат!» – деген Ырза Тұрсынзада сол кезде Қарақатты кінәлап, жұрт алдында айыптаған еді.

Қоғамда дау тудырған осы мәселе жөнінде бүгінде өз пікірін айтқан Қарақат Әбілдинаның ойынша, қолөнерші осылайша ашуын өзінен алмақ болған. Сонымен қатар қара пиар арқылы атын шығарғысы келген болуы мүмкін деп топшылады.

«Үкіметке айта алмаған әңгімесін мен танымал адам болғанан кейін, ол кісінің бос ғимаратын үкімет бізге бергендіктен – ол кісі әрине ашуын менен алды», – Қарақат Әбілдина.

Өз сөзінде Қарақат дау нысанына айналған коттедждің мемлекет меншігінде екен. Ал Тұрсынзада бұл мәселені дүйім жұртқа жариялап, шу тудырған кезде әнші декреттік демалыста болыпты. Соған қарамастан, қолөнер шебері Әбілдинаны кінәлап, қаралаған еді. Оның сөзін жоққа шығарған Болмановтың жары арының таза екенін айтуда.

«Менің ең бастысы арым таза. Ол кісі айтқандай емес. Керісінше ар, ұят, намыс деген осы үш қасиетті өмірде бірінші кезекке қоятын жандардың бірімін», – дейді Қарақат.

Сондай-ақ, әнші Ырза Тұрсынзаданың жұмысында шикіліктер болғанын жасырмады.

«Көп жылдар бойы, өкінішке орай, заңсыз тұрған екен. Ол сұрақтарды тағы да мен көтергім келмейді. Себебі, ол кісінің өзінің де әттеген-айы бар шығар. Заңдастырып алып, өзінің кәсібіне өзі иелік ету керек еді. Кімге өкпелейді, кімге ренжиді енді?»- деп түйіндеді Әбілдина.

Аталған мәселе заң жүзінде шешілгеннен кейін, тараптардың қарым-қатынасы үзіліпті. Ал дау тудырған коттеджді бүгінде жұлдызды жұп пайдаланып отырса керек.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау