Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бастықтарының былығын әшкерелеген полицейдің арызы бойынша тергеуші қамауға алынды

Аяусыздықпен адам өлтіріп, 22 жылға сотталып кеткен атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтың хатында айтылған жайттардың кейбірі расталып келеді.  Өйткені астаналық тергеушілердің бірі сот шешімімен қамауға алынды. Мәліметтерге қарағанда, тәртіп сақшысы Атырауда істеп жүріп, жазықсыз жандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

f44c96f7c02ebe9e9198acea1ea0eb83

Өтеуовтың атышулы хатынан соң сәуір айында Бас прокуратурадан іле-шала арнайы жедел-тергеу тобы жеткен болатын. 4 айға созылған тексерістен соң астаналық тергеушілер хатта аттары аталған тәртіп сақшыларының шынымен де өз қызметтерін асыра пайдаланғанын анықтапты. Енді тағы бір бұрынғы тәртіп сақшысы – Аслан Дүйсеновке қатысты тағы да қылмыстық іс қозғалмақ.

Айта кетейік, Дүйсенов әріптесі екеуі қызмет бабын асыра пайдаланып, жас жігітті өзін-өзі өлімге итермелегендері үшін сотталып кеткен болатын. Айта кетейік, Манарбек Өтеуов абақтыда жатып, атыраулық тәртіп сақшыларының барлық былығын әшкерелеп, 8 беттік хат жазған болатын. Нақтырақ айтқанда, шенді полицейлер бас-басына коттедж тұрғызу үшін құрылыс базарындағы саудагерлерді бопсалаған. Жезөкшелерден де салық алған. Тіпті қарапайым тұрғындарға жасамаған қылмысты мойнына іліп, абақтыға жауып отырған көрінеді. Ал босату құны 500 мың мен 7 млн теңге арасында екен. Манарбек Өтеуов басшылардың бұйрығымен осындай 100 қылмыстық істі қолдан жасадым деген еді хатында.

Талқылау