Бастықтарының былығын әшкерелеген полицейдің арызы бойынша тергеуші қамауға алынды

Дүйсенбі, 15 Тамыз , 2016 21:58

Аяусыздықпен адам өлтіріп, 22 жылға сотталып кеткен атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтың хатында айтылған жайттардың кейбірі расталып келеді.  Өйткені астаналық тергеушілердің бірі сот шешімімен қамауға алынды. Мәліметтерге қарағанда, тәртіп сақшысы Атырауда істеп жүріп, жазықсыз жандарды қылмыстық жауапкершілікке тартқан, – деп хабарлайды КТК арнасы.

f44c96f7c02ebe9e9198acea1ea0eb83

Өтеуовтың атышулы хатынан соң сәуір айында Бас прокуратурадан іле-шала арнайы жедел-тергеу тобы жеткен болатын. 4 айға созылған тексерістен соң астаналық тергеушілер хатта аттары аталған тәртіп сақшыларының шынымен де өз қызметтерін асыра пайдаланғанын анықтапты. Енді тағы бір бұрынғы тәртіп сақшысы – Аслан Дүйсеновке қатысты тағы да қылмыстық іс қозғалмақ.

Айта кетейік, Дүйсенов әріптесі екеуі қызмет бабын асыра пайдаланып, жас жігітті өзін-өзі өлімге итермелегендері үшін сотталып кеткен болатын. Айта кетейік, Манарбек Өтеуов абақтыда жатып, атыраулық тәртіп сақшыларының барлық былығын әшкерелеп, 8 беттік хат жазған болатын. Нақтырақ айтқанда, шенді полицейлер бас-басына коттедж тұрғызу үшін құрылыс базарындағы саудагерлерді бопсалаған. Жезөкшелерден де салық алған. Тіпті қарапайым тұрғындарға жасамаған қылмысты мойнына іліп, абақтыға жауып отырған көрінеді. Ал босату құны 500 мың мен 7 млн теңге арасында екен. Манарбек Өтеуов басшылардың бұйрығымен осындай 100 қылмыстық істі қолдан жасадым деген еді хатында.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев
  • Анонимно says:

    Рекет заңмен қорғалған гаидағылар да сол бəрі белгілі елді қорғамайды тек тонайды

  • Анонимно says:

    Жалпы кукык коргау органдары халыктын камы ушин осындай жумыстарга орналасады деу кулкили. Олар тек мансабы аркылы куйтыркы жолмен акша тауып, максаты баю. Биздин елде адал полиция жок. Адал болган куннин озинде ортасына карай мажбур. Мунын бари катан заннын, тартиптин жоктыгы. Жане осылай болып кете береди. Укиметтен бастап тамырланып кетеен
    Ы

  • Анонимно says:

    Адамды полецей кылу онай полецейди адам кылу киын деген екен

  • Жұмбақ жан says:

    кудай сактасын карапайым халыкты аямаган осындай жауыздарды катан жазада устау кажет.биз оларга сенсек халык коргаушысы деп.арким оз жазасын алсын!

  • Бауыржан says:

    ОВ 156/17мекемесине барып кайтадыго

  • АнонимноГүля says:

    Былықты қаншама жапқан сайын ақыр түбі ашылатыны анық

  • Марина says:

    Койды каскырга тапсырган заман го бул

  • Анонимно says:

    Бізде полицейлерге сенбейміз.Олардың басшыларына да сенбейміз.басымызға іс бермесінші Алла

  • Анонимно says:

    Полицейлердин озы былык елде кандай адилдик болады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар