Бастапқы баға 24 млн теңге: nur-sultan.kz домені сатылымға қойылды

Астананың Нұр-Сұлтан болып қайта өзгертілгеніне бір апта болмай жатып Nur-Sultan.kz деген атаудағы домен сатылымға қойыла бастады. Бұл атау ресейлік қор биржасы мен telderi.ru домендер сайтында жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Хабарлама авторы домен Қазақстан астанасының жаңа атауын дәлме-дәл қайталайды дейді. Ол Қазақстан астанасының 2019 жылдың 20 наурызынан Нұр-Сұлтан болып қайта өзгертілгенін еске сала кетіп, nur-sultan.kz доменін сататынын хабарлады.

Оның айтуынша, лоттың бастапқы бағасы төрт миллион екі жүз мың рубль яғни, 24 миллион 696 мың теңгеден басталады.

«Құрметті әлеуетті сатып алушылар. Бастапқы бағасы 4 200 000 рубль. Ал 12,480,000 рубль ұсынылса домен сол сәтте сатылатын болады. Бірақ, сіз мысалы 5 000 000 рубль  ұсына аласыз. Ал егер ешкім бұл соманы ұсынбаса, сіз осы доменді 5 000 000 рубльге сатып алсаңыз болады»,-деп жазды хабарлама авторы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр