Басшыларының былығын әшкерелеген экс-полицей 23 жылға сотталуы мүмкін

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 22:24

Кісі өліміне айыпты деп танылып, артынша өз басшылығының былықтарын әшкерелейтін хат жазған атыраулық экс-полицей 23 жылға сотталуы мүмкін. Бүгін мемлекеттік айыптаушы Өзбекстан азаматы Дмитрий Кимді айуандықпен өлтірген Манарбек Өтеуовке осындай жаза сұрады,-деп хабарлайды КТК арнасы.

полицияяяя

Бұрынғы полиция лейтенантына қатысты сот процесі осыдан дәл 1 ай бұрын басталған. Өтеуов абақтыда қарап жатпай, өзін бұл қылмысқа басшыларының итермелегенін қағазға түсіріп жазған болатын. Қазір мамандандырылған прокуратура қызметкерлері сол хатқа қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Ал соты өтіп жатқан экс-полицейге Қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша айып тағылған. Оның ішінде қызмет бабын асыра пайдалану, адам өлтіру, тонау, қылмыстық істі ұйымдастыру секілді айыптаулар бар. Егер сот мемлекеттік айыптаушының сұраған мерзімін кессе, Өтеуов жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді.

«Сотталушы Өтеуов Манарбекке өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқынан айырып, қылмыстық жолмен табылған мүлкін тәркілей отырып, полиция лейтенанты арнаулы шенінен айырып, 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жаза өтеу орнын қатаң режимдегі түзеу колониясы деп белгілеуді сұраймын»,-дейді мемлекеттік айыптаушы Рамазан Камел.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Мүмкін кинасы жоқ шығар?

  • ұлтшыл says:

    Иә,қылмыскер болса,қылмысы дәлелденсе жазалану керек.Осы қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығы жазалануы тиіс.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар