Баспанасыз қалған ана мүгедек ұлының жәрдемақысына 8 баласын асырап күнелтуде

Сейсенбі, 16 Ақпан , 2016 17:25

Шымкентте 8 балалы отбасы көмекке зәру. Көп балалы ана Зәуре Садықова мүгедек ұлына алатын мемлекеттік жәрдемақыға бүкіл бала-шағасын асырауға мәжбүр. Отанынан жұмыс таппаған отағасы көрші Ресейден нәпақасын іздеп, төрт жылдан бері хабарсыз кеткен екен.

P1120953

Бұл туралы Stan.kz сайтының ОҚО-дағы тілшісі хабарлайды.

P1120841

Ішер-жемге жарымай отырған отбасы баспаналы болуды армандайды. Көп балалы ана мүгедек ұлына ота жасатып аяғына тұрғызуды аңсайды.

P1120846

Өзі де көп балалы отбасынан шыққан Зәуре Садықова 40 жасында сегіз баланың анасы атанып отыр. Соғыс ардагері болған әкесі мемлекеттен балаларына баспана алып беруді армандап, дегеніне жете алмай кеткен екен. Тыл ардагері болған анасы да араға уақыт сала көз жұмған.

P1120848

19  жасында отбасын құрған Зәуре Садықованың күйеуі де жастайынан жетім қалған. Шаңырақ көтергелі бөтеннің босағасын паналап келеді екен. Осыдан он жыл бұрын отағасы елден жұмыс таппаған соң, Ресейге кетіп сол жақтан құрылысшы болып жұмысқа кірген. Осы уақыт арасында бала-шағасына екі-ақ рет келіпті. Төрт жылдан бері хабар-ошарсыз . Ол кезде жеті балалы әке, кенже қызының дүниеге келгенінен де беймәлім.

P1120851

«Аман ба, жоқ па білмейміз. Төрт жыл бұрын келіп кетті. Содан жоқ. Полицияға хабарладым. Табылмай жатыр. Сегіз баламды құшақтап жалғыз қалдым. Қазір әркім өз күнін көрген заман ғой. Сегіз бауырым бар. Олардың да көрген күні қиын. Соңғы кезде жиі ауырып, жатып қалатын болдым. Мен болмасам балаларым тірі жетім қалады ғой деп жылаймын. Олар жан-жағымнан «мама, өлмеші» деп шырылдағанда жанымды қоярға жай таппай қаламын», – дейді көз жасына ерік берген ана.

P1120934

P1120944

P1120855

Қант диабетімен ауыратын Зәуре Садықова денсаулығының сыр бергенін, жоқшылықтың тауқыметінен деп біледі. Ертеңіне сенуден қалған ана, сегіз баламен далада қалып, жергілікті әкімдіктен көмек сұраған. Егілген анаға жаны ашығандар мемлекет меншігіндегі екі бөлмелі пәтерде уақытша тұруға рұқсат беріпті. Содан бері бұл отбасы қай күні тентіреп қаламыз, деген үреймен күн кешіп келеді.

P1120894

«11 жастағы ұлым тоғыз айлығында ыстық суға күйіп қалды. Денесінің 98%-н күйік шалған. Дәрігерлер үмітіңді үз деген ұлым аман қалды, шүкір. Бірақ қатты шошығаннан, ауру болып қалды. Басын қабырғаға ұрып, ұйықтай алмай жылайды. Денесіндегі күйік тырысып қалған. Содан ұзақ отыра алмайды. Әріп танымайды. Жаза да білмейді. Психикалық ауруханада емделіп тұрамыз. Үйде дәріс алады. Соны уайымдап көп қиналамын. Оған ота жасату керек. Соған көмек болса екен деп армандаймын», – дейді Зәуре Садықова.

P1130012

11 жастағы Мәди жүйке аурулар ауруханасында ем қабылдап тұрады екен. Мемлекеттен алар жәрдемақысының көбі ем-домына кетеді дейді көп балалы ана. Қазір ол – отбасының жалғыз асыраушысы. Айына 55 мың теңге мүгедектік көмекке бүкіл отбасы күн көреді. Оның жартысы коммуналдық қызмет пен дәріге жұмсалады екен. Үш айда бір алатын әлеуметтік жәрдемақы мен ұлының ақшасына сегіз баласын асырап отырған ана, шеттей бала-шағасын тастап жұмысқа да шыға алмай отырғанын айтады.

P1130015

«Жарытып тамақ та іше алмайды балаларым. Азық-түлікті көрші дүкеннен қарызға аламыз. Киім-кешекке мүлдем жетпейді. Бірінікін бірі киіп, таныс-тамырдың берген ескі-құсқысын киіп өсіп жатыр балалар. Тіпті көрпе-төсегімізге де жетпейді. Тозып біткен бәрі. Көрген күніміз осы», – дейді көз жасын тыя алмаған ана.

P1130026

Үлкен ұлы ақша тапшылығынан ақылы оқудан да шығып қалыпты. Анасына қолғанат болуды көздеген бала 16 жастағы інісімен көлік жуып бауырларын асырамақ. Үлкені 19  кішісі 3 жастағы бес ұл мен үш қыз тәрбиелеп отырған Зәуре Садықова көп балалы отбасы ретінде осыдан үш жыл бұрын пәтер кезегіне тұрған. Ішерге ас, киерге киім таппай жоқшылықтың зардабын тартқан жандарға қай кезде баспана бұйырары белгісіз.

P1120885

900 мыңға жуық тұрғыны бар Шымкент қаласында тұрғын-үй кезегінде тұрғандар саны 21 мыңнан асады екен.

P1120955

«Алдағы уақытта баспана 2003-жылдан бері кезек күткендерге берілмек. Ал әлеуметтік осал топқа кіретін бұл отбасының тегін баспана алуға мүмкіндігі жоқ», – дейді жергілікті атқамінерлер. Бұл тізімнің нақты қашан жылжитыны сәуір айында ғана белгілі болмақ.

«Мемлекеттен тегін үй алу деген дүние қазір жоқ. Тек арендалық баспанаға ғана қол жеткіге алады. Бұл отбасының қазіргі тұрып жатқан үйі де уақытша берілген. Сондықтан оның еш айырмашылығы жоқ. Коммуналдық қызметтерді төлеп, тұра береді. Бірақ меншігінде қалмайды. Былтыр бұл топтағы тұрғындарға пәтер берілген жоқ. Биыл салынып жатқан үйлерге жоспар бойынша 600 адам жалға берілетін пәтер алады. Ал өз меншігінде қалатын ипотекалық тұрғын үйге олардың жағдайы көтермейді»,- дейді Шымкент қалалық тұрғын-үй секторының меңгерушісі Гүлнәр Әшірбаева.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бұл кісімен қалай байланысуга болады?

  • Anonymous says:

    Ой, кезекти койылым! Намного лучше стала она! Шашын мелировкага берипти, уйин жондеп, тагы болмелер косып алган, Отирик жылай береди

  • Жұмбақ жан says:

    Тағдыры қандай ауыр еді. Алла сабыр берсін! Балалары аман болсын

  • Жұмбақ жан says:

    Тағдыры қандай ауыр еді. Алла сабыр берсін! Балалары аман болсын

  • Аскар says:

    Калай комек берсек болады?

  • Жұмбақ жан says:

    Кала акиматы бир уй берсе болады гой. Кандай киын еди

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар