Баспанасы суда қалған ақтөбеліктерді мектептен бір түнде шығарып жіберді

Сейсенбі, 25 Сәуір , 2017 8:34

Ақтөбедегі су тасқыны кезінде 700-ге жуық үй суда қалып, 800-ден астам адам мектептерді паналаған болатын. Оларға пәтер жолдауға 30 мың теңгеден беріп, бәрін бір түнде мектептен шығарып жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170424193848

Ақтөбе қаласында Елек, Жіңішке, Қарғалы, Жаман Қарғалы өзендері арнасынан асып, өзен бойын жағалай орналасқан саяжайдағы үйлерді су басқан болатын. Саяжайлардың бәрінде қарапайым халық тұрады. Олар үйін су шайып кеткен күні жалғыз баспанасындағы құжаттарды алып, сыртқа шықты. Содан бері мектептердегі уақытша бекеттерге орналастырылды. Комиссия шығынды есептеуге кірісіп, үйсіз қалған адамдар мектептерден шығарылды. Қазір қаладағы 9 бекетте, яғни, мектептерде ешкім қалған жоқ.

20170424193826

«Сенбі күні түнгі сағат 11-00-ден кейін келіп, шығыңдар деді. Түн ортасында қайда барамыз дегенге ешкім құлақ аспады. Бір отбасыға 30 мың теңге беріп жатыр деген соң №40 орта мектепке бардық. Біздің екі үйіміз, бір сарайымыз суда қалды. Ол жерде 5 отбасы тұрады. Бәрімізге бергені 30 мың теңге. Пәтер жалдады, 7 адам сыйды. Біз 17 адамбыз. Ал менің балам ауруханада. Бүгін шығады. Оларды қайда апарамын? Үй сыз, бір минут тұрақтау мүмкін емес»,- деді Мұратбек Қырқынбаев.

Оның келіншегі Гүлназым Жолдасова 7 айлық баласымен ауруханадан ертең шығатынын, қайда барып, кімнен пана сұрарын білмей отырғанын айтып, көмек сұрады. Ал Өзбекстаннан Ақтөбеге қоныс аударған 4 балалы отбасы қазір жатақханада отыр.

«Түнде келіп, шығыңдар деген кезде біздің барар жеріміз болмады. Айқай-шумен жатақхананың бір бөлмесіне қол жеткіздік. Суға кеткен үйге бардық. Қолқаны сыздың иісі қабады. От жаққанда өткір иіс күшейеді. Бізге де 30 мың теңге берді»,- деді Саодатхан Мырзабаева.

Бүгін қалалық әкімдіктің әлеуметтік комиссиясы осы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Мектепте баласы оқитын ата-аналардың шағымы мен облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің шешімімен мектептердегі уақытша бекеттер жабылды. Кейін зарарсыздандырылды.

«Ата-аналардың өтінішімен, облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің шешімімен уақытша қоныстанғандар мектептерден шығарылды. Біз сенбі күні №40, 26 мектептерге бардық. Көбі осы екі білім ордасына орналастырылған болатын. Мектепті босату үшін оларға материалдық көмек беруіміз керек болды. Біз «Қолғанат Ақтөбе» қорынан ақша ала алмадық. Сөйтіп, кәсіпкерден 3 миллион 300 мың теңге қарызға ақша алып, сол күні 110 отбасыға 30 мың теңгеден берілді. Олардың көбі көпбалалы. Отбасында 17 адамы бар жағдай кезікті. Сонда да олардан қолхат алып, бәріне бірдей 30 мың теңге берілді. Енді сол ақшаны бүгін қайтаруымыз керек. Қоғамдық қорға жауапты комиссия мүшелері бүгін осы шешімге келісім беруі керек»,- деді қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашева.

Айта кетейік, қалалық әкімдік мектептердегі отбасыларды пәтерлерге қоныстандыру үшін түнгі сағат 1:00-ге дейін жүрген.

Тағы да оқыңыз:

Жалдамалы баспана енді халықтың екі санатына ғана беріледі

Алматы метросынан жарылғыш зат табылған жоқ

2 млн теңгені иесіне қайтарып берген азаматқа компания басшысы сыйақы берді

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар