Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Басқа мәселе қалмады ма?”: Қыдырәлі Болманов аста-төк тойға қарсы шыққан депутаттарға жауап берді

Жақында ысырапшылдыққа қарсы шығып, аста-төк тойларға тыйым салуды ұсынған депутаттарға әншілердің өз айтары бар. Мәселен, Қыдәрәлі Болманов елімізде шешілуге тиісті өзге мәселелер толып тұрғанда, атқамінерлердің не себепті тойға назар аударғанын түсінбей отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қыдырәлі Болманов

“Тойға байланысты… Біздің заң, маслихаттар неге болмайтын, өспейтін мәселені көтерген болып, барлық мәселенің шешуін іздеудің орнына, ұлтын тұншықтыратын тәсілдерді табу әдістерін қолдануға әуес? Қазақ мемлекетінің дамуы үшін, үкіметтің шешімін күтіп тұрған – Қазақстанның дамуына кедергі болып тұрған, ең негізгі мәселе той емес! Қазақстанның бүкіл мәселесінің шешімін дәстүрін азайтудан іздеу-қаншалықты дұрыс? Валентина мерекесін Қазақстан жылдан жылға адам көп жиналатын жерде тойлатып келеді. Сол жатжұрттық, түсініксіз мерекелерден құтылып алмаймыз ба алдымен…

Өз өндірісімізді, орта және кіші бизнесті дамыта отырып, халықтың жағдайын ойлау, мемлекет дамуына тікелей қатысты, ең маңызды мәселені шешіп алып, Қазақстанды жайнатып алғаннан кейін кірісетін шаруа емес пе? Жоғарыда отырған салмақты ағаларымыздың маңызды мәселелерді қозғап, елбасының жолдауын орындап, бала-бақшадан бастап, білім жүйесін дамытуға, ұрпақ тәрбиесімен айналысқандары дұрыс емес пе? Ел боламын десең бесігіңді түзе!

Қазақтың ғасырлар бойы тойланып келе жатқан тойынан той-қонақжайлық, құда-құдандалы болу қазақ елінің ғасырлардан жалғасып келе жатқан дәстүрінің бірі. Кезінде Ақан сері, Біржан салдар, Нартайлар талай жәрмеңкеде ән салып,”гонорарының” орнына үйірлеп жылқы айдап, қоралап қой алған… Қуанышты тойларыңыз көп болсын”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау