Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басқа ер адамдар қарап тұрды: Қостанайда екі қызды құтқарып өзі көз жұмған ер адамның жары оқиғаны баяндады

Қостанайда суға батқан екі қызды құтқармақ болып өзі мерт болған ер адамның әйелі оқиғаның қалай болғанын айтты.

Басқа ер адамдар қарап тұрды: Қостанайда екі әйелді құтқарып өзі көз жұмған ер адамның жары оқиғаны баяндады

Оқиға 7 шілде күні болды. Екі қыздың суға шомылмақ болғаны, әлде суретке түскісі келгені белгісіз. Екеуі де оқыстан суға бата бастады. Оларды отбасымен сол арада демалып жатқан ер адам құтқарды, деп жазады Қостанай жаңалықтары.

«Саша сол күні демалыс алды. «Енді сендермен қашан демалам?» деді. Ұлы суға шомылуға барайық деп қоймады», – дейді Анжелика Капарчук.

Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. Үлкен ұлы 13 жаста, ұлы 3 жаста.

26-30 аралығындағы екі қыз суға бата бастады. Александр ұлын көтеріп тұрған. Баласын әйеліне ұстатып, көмекке ұмтылды. Ол суда жақсы жүзген. Әйелі сол кезде айналада ер адамның көп болғанын, бірақ ешбірінің көмекке ұмтылмағанын айтты. Екі қыз шынында да су жағасынан алысқа ұзап кеткен екен. Оларды жағаға жақындатқан ер адамның өзі суға батып кетті.

Александр суда жақсы жүзетін болғандықтан бала-шағасы жағаға шығатынына сенген. Алайда ол сол күйі су бетіне шықпапты. Үлкен ұлы суға тұра ұмтылып, әкесін іздеп көрді. Басқалары да іздегендей болды. Бірақ Александрды құтқара алмады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау