Басынан ұрып, құлағынан тартқан: Ақтөбедегі балабақша тәрбиешісін тек қоғамдық жұмысқа жегіп жазалады

Ақтөбе облысы Бадамша ауылының тәрбиешісін балаға дұрыс қарамағаны үшін, тәрбиелік міндетін дұрыс атқармағаны үшін қоғамдық жұмысқа жекті. 

Басынан ұрып, құлағынан тартқан: Ақтөбедегі балабақша тәрбиешісі жазаланды

Видеодан кадр

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелді «Кәмелетке толмаған баланы қатыгез қарым-қатынаста ұстай отырып, білім беру мекемесі мұғалімінің тәрбиесіне жауапкершілікті дұрыс атқармау» бабы бойынша айыптады. 

Сот мәліметінше, 2018 жылдың 15 қарашасында "Айгөлек" балабақшасының тәрбиешісі әліпби үйрету кезінде кәмілетке толмаған 2013 жылғы балаларға қаталдық танытқан. Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, ісіне өкінетінін айтты.

2019 жылдың 11 наурызында ол кінәлі деп танылып, 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді. 3 жылға дейін кәмілетке толмаған балалармен педагогикалық жұмыстарды істей алмайтын болды. 

Айта кетейік, Ақтөбе облысындағы балабақшада болған оқиға ақпан айының соңында желіге жарияланды. Бұл жайлы белгілі болған соң тәрбиешінің жұмыстан қуды. Ауылға ата-аналармен, балалармен жұмыс істеу үшін психологтар жіберілді. Зардап шеккен баланың ата-анасы педагогті сотқа беретінін айтты. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Загрузка...
Қазір оқып жатыр