Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Басымызға жай түскендей болды: Өнер адамдары елбасының президенттіктен кетуін қалай қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуі еліміздегі өнер мен спорт қайраткерлері үшін де күтпеген жағдай болыпты. Тіпті төбемізден жай түскендей болды дейді. Өкініштерін де жасырмады.

Дегенмен Қасымжомарт Тоқаев білікті саясаткер, ел басқару қолынан келеді деген сенім білдірді, деп жазады Евразия

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов бұл жаңалықты естігенде жүрегі бүлк ете түскенін жасырмады. Дегенмен ақсақал актер бұл дер кезінде, қабылданған оңды шешім болғанын айтады. 

“Дер кезінде Нұрекеңнің шешімі ақылды шешім деп есептеймін. Кейінгі өзінің тәрбиелеп жүрген әріптестеріне жол беріп, ары қарай жол сілтеп, келешекте де жол көрсетіп отыратын жағдайға келтірді. Елбасы деген атағы қалды. Тағы да марапаттар алып жатыр. Елдің құрметтегені сыйлағаны, жақсылап шығарып салғаны бәрімізді қуантады”, - дейді ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов. 

Ал қазір ауруханада ем қабылдап жатқан Ескендір Хасанғалиев те мемлекет басшысынан бұндай үндеуді күтпегенін жеткізді. 

“Нұрекеңнің мәлімдемесі болар, халқына деген үндеуі болар деп ойлап қалғанбыз. Бірақта мынандай әңгімені естігенде біз басымызға жай түскендей болды шынын айтайық. Күтпеген жағдай”, Ескендір Хасанғалиев. 

Қазақтан шыққан алғашқы олимпияда чемпионы Жақсылық Үшкемпіров президенттік тақтан өз еркімен бас тарту, кез келген адамның қолынан келе бермейтін іс дейді. Ал Ермахан Ыбырайымов президенттің өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне қатты қиналғанын жасырмады. 

“Кешегі тарихи маңызы бар үлкен құбылыс болды бүкіл қазақ елінде. Бәріміз де күтпеген елбасының шешімі. Мынау тарихта мәңгілік қалады деп ойлаймын. Бұл әркімнің қолынан келмейді”, - деді Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров. 

“Мен өзбасым қиналып, өкінішпен, қимастықпен қабылдадым. Неге десеңіз сонша жыл, 30 жыл басқарып, тұмсықтыға щоқтырмай, қанаттыға қақтырмай біздің елімізді басқарып келді. Қазақстанды дүниежүзіне белгілі мемлекет жасады”, - дейді Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов.

Ал, Қасымжомарт Тоқаев президент болуға лайық тұлға, жаңа бастамалар болады деп үміттенеді. 

“Жақсылық күтеміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенемін, ақылды жігіт. Жас әлі оңды-солын біледі. Сондықтан жан-жағында командасы бар, жинайды. Жаңа бастамалар болар. Жақсылықтар болар. Күтеміз”, - деді Асанәлі Әшімов. 

“Мен ойлаймын ол кісі Қазақстанды ары қарай дамытып, домалатып алып кетеді. Және Нұрсұлтан Әбішұлының көрсеткен жолын ары қарай көрсетіп, бізді бір кісінің баласындай ары қарай дамытады деп сенемін", - дейді Ермахан Ыбырайымов. 

Нұрсұлтан Назарбаев Спорт пен мәдениет саласына көңіл бөліп, қыруар жұмыс тындырғаны мәлім, Енді жаңа президент те осы саланы назардан тыс қалдырмайды деп үміттенеміз дейді, ел ағалары.


Нұрсұлтан Назарбаев қазір қандай өкілеттікке ие

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр