Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Басы жұлынған: Алматы облысында ер адам 8 баланың әкесін жүкті әйелінің көзінше қағып өлтірді

Алматы қаласында көлік жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

Алматы облысындағы Есік қаласында ер адам жолдың шетінде такси ұстамақшы болып тұрған. 

Mitsubishi RVR көлігінің жүргізушісі түнгі кезекшіліктен қайтып келе жатқанын айтады. Ол мектепте күзетші болып жұмыс істеген. Рөлде отырып қалғып кетіп, жол шетінде тұрған азаматты қағып кеткен. 

Осының салдарынан ер адам шетке ұшып кетеді. Соққының қатты болғаны соншалық оның басын жұлып кеткен. Аталған жағдайға марқұмның әйелі куә болған. Сондай-ақ, кейін әйелінің жүкті екені және сегіз баласының бар екені белгілі болды. 

"Марқұм 1955 жылы дүниеге келген үлкен кісі. Дәл қазір ҚР ҚК 345-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Іс Алматы облысы департаментінің өндірісінде", - деді Алматы облысы полиция басқармасының ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет. 

Талқылау