Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурордың кеңесшісі журналистің сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты

Нұргүл Қарағойшина Рухани жаңғыру тақырыбы қозғалғаннан кейін бүгінгі шараны мемлекеттік тілде өткізуге шешім қабылданғанын айтты.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» ведомствоаралық байқауы туралы брифинг өтті. Шара барысында ҚР Бас прокурорының кеңесшісі – аға көмекші Нұргүл Қарағойшина журналистердің сауалына орыс тілінде жауап беруден бас тартты, деп хабарлайды Sputnik.

90 пайыз таза қазақ тілінде өткен брифингте орыс тілді журналистердің бірі байқау туралы орысша сауал қойып, ресми тілде жауап беруді сұраған еді. Алайда Нұргүл Қарағойшина бүгінгі брифингті мемлекеттік тілде өткізу туралы шешім қабылдағандарын, сондықтан басқа тілде сөйлеуге ұялып отырғанын айтты.

«Біз брифингті ұйымдастырар алдында баспасөз қызметі арқылы бір мәселе  айтылуы керек болған. Рухани жаңғыру тақырыбын қозғағаннан кейін,  рухани жаңғырып жатқанымызды дәлелдеуіміз керек қой. Сол үшін бүгінгі шараны, мүмкін осы мекемелеріңізде бірінші рет шығар, мемлекеттік тілде өткізейік деп шешкен едік. Осыған дейін орыс тілінде өткен шараларды қазақ журналистері аударып жүрді, аударып та келеді. Енді бүгін сіздер қазақ тілінен аударып көрсеңіздер деген ниет болған. Бірақ әріптестерім орыс тілінде де жауап беруге ықыласты екендіктерін айтты. Мен бұған дейін тіл мәселесімен айналысып жүргендіктен, шынымды айтсам, халықтың алдында басқа тілде сөйлеуге ұялып тұрмын», — деді Қарағойшина.Десек те, брифингке қатысқан басқа спикерлер орыс тілінде қойылған сұрақтарға сол тілде жауап берді.
«Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» ведомствоаралық республикалық байқауы ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігі тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтеді.

Байқауға Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекетті күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда қатысады. Командалар 2 айналым бойынша сайысқа түседі. Бірінші айналымның өзі екі бөлімнен тұрады – мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясында атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен бейнебаян. Екінші айналым – «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты сахналандырылған көріністен тұрады.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында жас жігіт полицей болып киініп, жұртты алдаған

“Белое солнце пустыни” фильміндегі актер Годовиков өмірден озды

Оралда жаңа туған баласын құрылыс алаңына лақтырып кеткен келіншекке үкім шықты

Талқылау