Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокурор салықшылардың былығын әшкереледі

Тіпті, бүгін Жақып Асановтың өзі кәсіпкерлерді  негізсіз тексеретін кіріс комитетіне шүйлігіп  заңсыздықтарын жіпке тізді, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

zhakip-asanov-genprokuror-e1463724016930

Өйткені, салықшылар жоспардан тыс тексеруді  әдетке айналдырған. Сөйтіп, кәсіпкерлерді миллиондаған айыппұлмен қорқытып, табыс әкеліп тұрған бизнесін  тартып аламыз деп қоқан – лоққы көрсетеді екен. Бұл еліміздің экономикалық саясатына қайшы келетінін айтқан Бас прокурор  негізсіз ревизия жүргізетіндерді  қызметтен қуу керек дейді. Дәл осылай болса, мемлекеттік кіріс комитетіндегі лауазымды шенеуніктер жаппай шатылғалы тұр.  Құзырлы органның шырылдауы бекер емес. Себебі атқамінерлердің кесірінен шағын орта бизнес иелерінің кәсібі тұралап, шығынға батқан.

Бұл өз кезегінде бюджетке түсу салықты еселеп азайтып жатыр. Бизнесмендерге араша түскен Бас прокурор себепсіз ашылған қылмыстық істерді қазір  жаппай жабуға кіріскен.

-“Кәсіпкерлерге қатысты 9 мың іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Анықтау барысында тағылған айыптың жартысы негізсіз болып шыққан. Осы істің барін Мемлекеттік кіріс комитеті қозғапты. Яғни, осы комитеттегі екі құрылым бір-бірімен  ауыз жаласып, бизнесмендерді әбден титықтатқан”, – дейді ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов.

Жіберіп алмаңыз:

Үй аралауға шыққан Семей әкімі борышкерлердің есігін қиратпақ

Басқа елдерде зейнетке қанша жаста шығады?

Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысы бар күдіктінің анасы ұлының адам өлтіргеніне сенбей отыр

Талқылау