Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура жастардың жиһадқа аттанып жарылыс жасауға дайын тұруының себебін айтып берді

Жастардың жиһадқа кетуіне интернет кінәлі. Бүгін Бас прокуратура Сирияға соғысқа аттанған отандастарымыздың 80 пайызы осы ғаламтордағы радикалдардың жалған ақпаратына сеніп шекара асып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы КТК арнасының эфирінен көрсетілді.

GAZA CITY, GAZA STRIP - JANUARY 15: A member of the militant Fateh movement walks along the street January 15, 2005 in Gaza City, Gaza Strip. According to reports, Israel Defense Forces troops killed six Palestinians from the Netzarim settlement and another four from the outskirts of the southern Gaza City neighborhood of Zeitun. (Photo by Ahmad Khateib/Getty Images)

Жыл сайын интернетте жиһадқа үндейтін жүз мыңдаған сайт пайда болады. Ондағы діни экстремистік материалды оқығандар соқыр сенімнің жетегінде Сирияға аттанады дейді прокурорлар.

Оның үстіне әлеуметтік желіні шебер меңгерген уағызшыларды ұстау техникалық жағынан мүмкін емес. Өйткені, сыртта отырып, жастарды дінінен адастыратын ұйымдардың сервері шетелде орналасқан. Прокурорларға мұндай сайттарға тосқауыл қою қиынға соғып тұр.

“Интернеттегі жалған ақпараттар жастардың миын шырмап, террористік топтардың құрамына кіруіне ықпал етіп отыр. Тіпті, санасы уланғаны сонша, аз уақыт ішінде өзінің өмірін қиып жарылыс жасауға дейін дайын тұрады”, – деді Бас прокуратураның Халықаралық байланыстар департаменті директорының орынбасары Әлжан Нұрбеков.

Бұған дейін Ақтөбеде әлеуметтік желі арқылы жиһадқа шақырған жігіттің сотталғанын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

3 жасар Айлинді ұрғаны үшін айыпталып жатқан анасы сотта тізерлеп тұрып жалынды

Ақтөбедегі лаңкестердің 7-уі өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Қостанай облысында күйеуінің таяғынан шаршаған әйел оны өлтіруге тапсырыс берген

Ресейде ұры таксист жолаушыларын мандарин беріп улап отырған

Талқылау