Бас прокуратура Жамалиевтің жаза мерзімі не үшін қысқартылғанын түсіндірді
2015 жылы тамызда бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасаған Қайрат Жамалиев сот үкімімен 13 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленген болатын және жаза мерзімін қатаң тәртіпті түзету колониясында өтеуі тиіс еді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Екі жыл бұрын Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов ұлына көмек сұрап, әлеуметтік желіде үндеу тастаған. Оның жазуынша, ұлы Әліби Жұмағұловты Қайрат Жамалиев өлімші етіп ұрып-соққан. Бұл оқиға қоғамның назарына ілінді.
“Уәде бергеніміздей, Жамалиевтің ісі бойынша түсіндіріп өтейік. Жоғарғы сот биыл 23 мамырда Жамалиев Қайратқа қатысты сот актілерін өзгертті. Аса ірі көлемде бопсалау әрекеті ірі көлемде болып ауыстырылды. Соған сәйкес осы бап бойынша жаза мерзімі он жылдан жеті жылға қысқартылды. Тиісінше, жалпы жаза мерзімі де жеті жылға қысқарды”, — деп жазды бас прокурордың аға көмекшісі Думан Қожахметов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ол түсіндіріп өткендей, осы іс бойынша сотталған Арман Әбілтаев пен Анатолий Прибытковтың жаза мерзімдері де жаңағы себептен сегіз және бес жылға қысқарған. Сот актілерінің қалған бөлігі өзгертілген жоқ.
“Назар аударарлық бір жайт, Жамалиевтің қорғаушысы жәбірленушінің жазаны жұмсарту туралы нотариалды куәландырылған өтінішін сотқа ұсынған. Яғни, көріп отырғандарыңыздай, ешкім ақталған жоқ”, — деп атап өтті ол.
Біріншісін жәбірленуші сот алды кезеңінде есептеп шығарды (аса қомақты шығын), қалған екеуі – іс сотта қаралып жатқан кезде Жамалиевтің адвокаттары есептеді (қомақты шығын). Қарама-қайшылықтарға байланысты сот сараптама тағайындап, нәтижесінде қомақты шығын келтірілген болып шықты.
“Бірінші инстанция соты негізге сот алды кезеңінде жасалған бағаны алды, себебі ол қылмыс жасалған кезде автокөлікті қарау арқылы есептелген болатын. Ал Жоғарғы сот екінші сараптаманы негізге алған”, — деп жазады Қожахметов.
Бұған дейін 13 жылға сотталған бизнесмен Жамалиевтің биыл тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жарық көрген еді.
Оқи отырыңыз:
Қостанай тұрғынының арзан бағамен алған көлігі ұрланған болып шықты
Министр: Екпе салынбаған балаларды мектеп пен балабақшаға қабылдамау туралы тыйым жоқ
Маңғыстау облысында жалғызбасты ана төрт баласымен бірге мешіттен тамақтануға мәжбүр
Нұрсұлтан Назарбаев бесінші дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ашты