Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура ШҚО-дағы әйелдің не себепті өзі мен 3 баласын өлтіргенін анықтады

Еліміздің Бас прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысында үш баласын өлтіріп, соңынан өзі де асылып қалған әйелдің не себепті бұлай жасағанын айтып берді.

b_12c95754b1c4b19d21fbe1657f5f3faa

Сурет: www.trud.ru 

Бұл туралы Total.kz хабарлайды

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында анасының үш баласын өлтіріп, кейіннен өзіне де қол жұмсағаны хабарлаған едік.

Қазақстанның бас прокуроры Жақып Асанов қайғылы оқиғаның жай-жапсарын былайша баяндады:

-«Шемонайхадағы әйел өзін 11 жыл бойы күйеуі мен, оның ағасы, қайынатасы ұрып келгендіктен, үш баласын өлтіріп, өзіне қол жұмсаған», – дейді прокурор.

Бас прокурордың айтуынша, биылғы жылы 316 әйел өзіне қол жұмсаған. 2015 жылы жеңіл түрде ұру және өзгенің денсаулығына зиян келтіргені үшін 627 адам сотталған.

Қазір тұрмыстық ұрыс кезінде адам өлтіргені үшін 300 әйел жазасын өтеп отыр.

Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та полицейлер екі қызын мерт қылған анасын атып өлтірді

19 жастағы қыз Periscope тікелей эфирінде өз-өзіне қол жұмсады

Талқылау