Бас прокуратура Денис Теннің өліміне қатысты істі өз бақылауына алды

Қазақстанның Бас прокуратурасы танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істің тергелуін өз бақылауына алды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Денис Тен

Ведомство мәліметінше, Денис Теннің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істің тергелуі үшін ІІД және ІІМ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен шұғыл тергеу тобы құрылды.

«Іс бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды. Тергеу барысы Бас прокурордың бақылауына алынды», – делінеді хабарламада.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар