Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас прокуратура: «БТА Банктің» директорлар кеңесінің төрағасынан миллион доллар бопсалаған

ҚР Бас прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге ақша бопсалады деген күдікпен бірқатар тұлғаны тұтқындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Бас прокуратура: «БТА Банктің» директорлар кеңесінің төрағасынан миллион доллар бопсалаған

«2019 жылғы 19 қаңтарда Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкері Ысқақовты және уақытша жұмыссыз Әлпиев пен Сүлеймановты қылмыс үстінде ұстады», – делінеді хабарламада.

Хабарланғандай, аталған тұлғалар «БТА Банк» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасынан 1 миллион АҚШ долларын Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің іс жүргізуіндегі қылмыстық іс бойынша мәселені шешу үшін алаяқтық жолмен бопсалаған.

Белгілі болғандай, Ысқақов аталған қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген.

Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты Ысқақов, Әлпиев және Сүлеймановке «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасын  тағайындады.

Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау