Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас мүфти пәтер жалдап тұратын көп балалы отбасыға баспана сыйлады (фото)

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен дін қызметкерлері пәтер жалдап тұратын 8 балалы отбасыға жұмыла көтеріп, үй салып берді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлайды.

be112fb09d2996a6b9a2fc93c8d21526

Алматы облысында 2 бөлмелі пәтерді жалға алып, күнелткен отбасы туралы отандық телеарналардан да көрсетілген болатын. Бұл жағдайға мән берген дін қызметкерлері жағдайы қиын отбасыны тығырықтан алып шығу үшін, су жаңа баспана салып берген. Жаңа қонысқа бас мүфтидің өзі барып, тілек білдірді.

343652_1475584028_890_530_0

“Отандық телеарналардан көмек сұраған көпбалалы ана туралы жаңалықты көргенен кейін, қол ұшын созып жәрдем береміз деп шештік. Екі жарым айда осы үйді салып, отбасының игілігіне беріп отырмыз. Бұл атқарып жатқан игі жұмыстарымызды көпшілікке көрсетпеуімізгеде болатын еді. Бірақ, бұл жұмыс басқа қалталы азаматтарға ғибрат болса екен деген ниетіміз бар. Алла Тағала осы жанұяға береке берсін. Кіштентай бүлдіршіндер халқына қызмет ететін азамат болсын”, – деп батасын берді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Өз сөзін үйге қалай қол жеткізгенінен бастаған ананың көзінен қуаныштың нұры анық сезіледі. Үйлі болған ана балалар өз шаңырағынан шығып мектепге барғанға қуанатынын айтады.

102002_1475584028_890_530_0

“Имамдар келіп үй салып береміз дегенде қатты қуандым. Қуанышты хабарды балаларға келіп айтқанымда «уақытында көреміз ана, асықпаңыз» деді. Бірақ, үй салынып болған соң алғаш қоныстанғанымызда балалардың шаттығында шек болған жоқ. Балалар өз үйінен шығып мектепге барғанға риза. Мектепке дейінгі дайындық сыныбында оқитын Рамазан есімді балам жексенбі күні «ертен сабаққа барамын» деп қатты қуанады. Бұдан асқан бақыт барма?! Бір аралықта күйеуім ауырып, төсектен тұра алмай қалғанда қатты қиналдық. 15 жыл пәтер жалдап тұрдық. Ізгі жандардың демеуімен енді бәрі артта қалды. Иманды, мейірімді жандарға алғыс айтамын”, – дейді көпбалалы ана Гүлнұр Рахымжанқызы.

135532_1475584028_890_530_0 (1)

Бұл отбасы үшін енді бәрі артта қалды. Себебі бүгінде ол жаңа баспанаға қол жеткізіп, қоныс тойын тойлауда. Тек қана баспана емес, отағасының ауыл шаруашылығымен шұғылдануға ниеті барын білген дін қызметкерлері  бұзаулы сиыр да сатып әперген. Үй шаруасымен айналысатын отағасы 2-топтағы мүгедек. Ал, жұбайы Гүлнұр Рахымжанқызы қалада бір мекемеде тазалықшы болып жұмыс жасайды. Енді дін қызметкерлері көпбалалы ананы жақын жердегі мекемелердің біріне тұрақты жұмысқа орналастырып бермек.

340064_1475584028_890_530_0

Нұра елдімекенінде үй ауыз су, жарық секілді мәселе өз шешімін тапқан. Жаңа қонысқа көшкен отағасы енді үйінің алдына қақпа орнатуды жоспарлап отыр. Үй үлкен жолға жақын орналасқан және мал шаруашылығымен шұғылдануға қолайлы.

673359_1475584028_890_530_0

Игі шараға Бас мүфтимен бірге Талғар ауданы, Нұра ауылдық округінің әкімі Данияр Күнгей, Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет, ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын, «Зекет» қорының директоры Әлішер Спанов қатысты.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы Ержан қажы Малғажыұлы отбасыға үйге керекті жиһаздарды да табыстап қуантты. Бұған дейін бас мүфтидің Астанадағы әжейдің арманын орындап, оған тегін қажылық жолдамасын табыстағаны жазған едік.

Оқи отырыңыз:

10 ақтөбелікті діни көзқарасы үшін әскер қатарына алмай қойды

Қазақстанда жасөспірім баласы әлеуметтік желіге тіркелген ата-ана айыппұл төлейді

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Талқылау