Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас көлік прокуратурасы Bek Air ұшағының апатты жағдайда қонуына қатысты түсініктеме жасады

«Бек Эйр» (Bek Air) АҚ авиакомпаниясының әуе кемесінің Астанада апатты жағдайда қонуына, алдын ала мәлімет бойынша, шассидегі ақаулық себеп болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

ұшақ

Сағат 10:36 Астана әуежайына Бек Эйр» (Bek Air) АҚ авиакомпаниясының «Фокер-100» маркалы ұшағы апаттық жағдайда қонды. «Қызылорда-Астана» бағытында №2041 рейс жасаған әуе кемесінің бортында 121 адам болды, оның ішінде 116 жолаушы және 5 экипаж мүшесі. Жапа шеккендер жоқ.

Аталған факт сот алдындағы тергеу амалдарының бірыңғай реестріне ҚР ҚК 344 бабының 1 бөліміне сәйкес тіркелді.
Қылмыстық іс Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорларының өндірісіне алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау