Бас бапкер Азиада ойындары туралы: Бүгін екі алтынымызды тартып алды

Қазақстандық боксшылар Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл Азиада ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Бас бапкер Азиада ойындары туралы: Бүгін екі алтынымызды тартып алды

Ақтық кезеңде 69 келіге дейін салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов өзбекстандық боксшы Усмон Батуровпен кездесті. 3 раундтың 1:3 нәтижесі бойынша судья жеңісті өзбекстандық боксшыға берді.

Бас бапкер Азиада ойындары туралы: Бүгін екі алтынымызды тартып алды

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл да ақтық кезеңде жеңіліс тапты.

75 келіге дейін салмақ дәрежесінде Әбілхан Аманқұл өзбекстандық қарсыласы Исраил Мадримовпен жұдырықтасты. Судьялардың үшеуі жеңісті Мадримовке берсе, екеуі Аманқұлға берді.

Бас бапкер Азиада ойындары туралы: Бүгін екі алтынымызды тартып алды

Өз кезегінде ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов жеңілістің себебін түсіндірді.

«Азия ойындарына бес жүлде аламыз деп келгенбіз. Оған шамамыз да жететін еді. Алайда, тым төмен нәтиже көрсетіп отырмыз. Әр ел өз спортшысын қорғайды. Сол себепті, бір елдің соңына түсіп алғанымыз дұрыс болмас. Жігіттер бар күшін салды, оларға айтарым жоқ. Көптеген кедергілер мен келеңсіз жайттар орын алып отыр. Финалға дейін үш боксшымыздың жолын кескен. Енді, міне, екі жігітіміздің алтынын тартып алды. Сабыр қылғаннан басқа амал жоқ.

Жалпы, бізге шаршы алаңдағы қарсыластармен ғана емес, басқалармен де күресуге тура келді. Қайрат Ерәлиевті алып тастағаннан кейін-ақ, қиын соғарын сездім. Тіпті, Азия ойындарына аттанар кезде де бұл белгілі болған. Себебі, біздің бір өкіліміз жоқ. Қазақстандық төрешілер де алынбаған. Сондықтан, Азия ойындарында саясат жеңді.

Асланбек Шымбергеновке жоқ жерден ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Боксшыға үш-төрт рет ауызша ескерту берілген соң ғана, ұпайын алып тастаушы еді. Бұл жолы бірден…

Жігіттерге айтар өкпем жоқ. Бар күшін салды», – дейді Мырзағали Айтжанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар