Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейден «Барыс» ойыншысы Дамир Рыспаев әскерге шақыртылды (фото)

Хоккейден «Барыс» командасының ойыншысы Дамир  Рыспаев әскери борышын өтеуге шақырту алды. Қазір Хоккейші жігіт атн қабылдау алдындағы дайындық жаттығуларын Алматыдағы орталық спорт клубында жасап жүр.

дамир4

Спортшы әскердегі өмірі жайлы журналист  Светлана  Кузнецоваға берген сұхбатында айтып берді.

-Дамир, әскери борышыңызды өтеуге келуіңізге не себеп болды?

Дамир: Біріншіден мен өз отаныма адал азамат екенімді дәлелдегім келеді. Әскерге барып, отан алдындағы борышын өтеу әр бір ер азаматтың міндеті деп білемін. Әскер- мен үшін үлкен өмір мектебі.

-Сіздің бұл шешіміңізді «Барыстағы» жаттықтырушы, басшыларыңыз қалай қабылдады?

Дамир: Көптеген спортшылар әскери борышын өтеуге уақыт таппай жатады. Сондықтан басшыларым менің шешіміме алғашында таң қалды. Кейіннен түсіністікпен қарап рұқсаттарын берді.

 -Әскердегі  жаттығу уақыты спорттағы жаттығулармен салыстыруға келеді ме? Қандай айырмашылықтар байқадыңыз?

Дамир:  Әскердегі әр бір минутымыз қажетіне сай қатаң тәртіппен алдын ала белгіленіп қойған. Мен осы уақытқа дейін әскери қатал тәртіпке үйреніп қалдым десем де болады.

-Әскердегі бір апта уақыттың ішінде не үйреніп үлгердіңіз?

Дамир: Біріншіден мен таңғы сағат 6-да оянып, 45 секундта киініп үлгеруге үйрендім. Ертеңгісін жүгіруге қазір ағзам да үйреніп қалған сияқты. Мұндай уақыт тығыздығы мен адамды физикалық шыдамдылыққа үйрету тек спортшыға емес барлық азаматқа керек дүние.

-Хоккей жаттығуларынан босаған уақытыңызды неге арнайсыз?

Дамир: Мен жаттығулар мен ойыннан босаған уақытымда жекпе-жекпен айналысамын. Яғни жаттығу залында боламын. Мен өте қауіпті ойын түрін таңдағанмын, сондықтан да үнемі барлық жайтқа дайын болу міндетім.

-Дамир, сізге бір сұрақ қоямын, тек ойланбастан тез жауап беруіңіз керек. Адамның қандай қасиеттерін бағалайсыз?

Дамир: Адалдық пен жауапкершілік

-Өз кемшілігіңіз деп нені айта алар едіңіз?

Дамир: Адамдарға тез  сеніп қаламын

-Жанкүйерлеріңізге қандай тілегіңіз бар?

Дамир: Алдымен барлық жанкүйерлеріме қолдаулары үшін алғыс айтамын. Алдағы маусымда адал жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз.

Дамир2

дамир3

дамир1

дамир

Талқылау