Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Барыс» хоккейшісі қытайлық ойыншыны мұз айдынында қуып жүріп сабады (фото, видео)

Құрлықтық хоккей лигасына енді қосылған “Куньлунь Ред Стар” командасы Астанада ҚР Президенті Кубогі жолындағы жарыста «Барыс» командасына қарсы ойнаудан бас тартты.

20160808195208

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бейжіңнен келген хоккейшілер мен жергілікті «Барыс» арасындағы кездесу жаппай төбелестен басталды. Салдарынан «Барыс» клубының екі хоккейшісі Дамир Рыспаев пен Мадияр Ибрайбеков мачт соңына дейін шеттетілді. Өз кезегінде, төбелесте қатты соққы жеген қытайлық “Куньлунь Ред Стар” командасына мачты ары қарай жалғастырудан бас тартқаны үшін есебімен жеңіліс жазылды.

20160808194636

Осылайша, астаналықтар Дастин Бойд үшін есе қайтарғанға ұқсайды. Есте болса, 5 тамызда «Барыс» командасының шабуылшысы Дастин Бойд “Куньлунь Ред Стар” хоккейшілеріне қарсы болған ойында аяғын сындырып алған болатын. Сол ойында дөрекілікпен ерекше көзге түскен қытайлықтар жеңіске де жеткен еді. Осының кесірінен «Барыстың» 41-ші нөмірлі ойыншысы 4 айға дейін жарыс жолынан шығып қалды.

20160808194627

Жіберіп алмаңыз:

“Барыс” хоккей клубының төбелескіш ойыншысы әскерге кетті

Елдос Сметов Олимпиада-2016 ойындарын жеңіспен бастады

Рио-2016: Олимпиадада бірінші “алтын” АҚШ-қа бұйырды

Талқылау