Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Барыс” хоккей клубының төбелескіш ойыншысы әскерге кетті

“Барыс” хоккей клубының ойыншысы, тафгай Дамир Рыспаев әскери борышын өтеуге аттанды.

425d8c7c-2a76-43ac-9a58-895c8c7ce2c8

Сурет yvision.kz

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Хоккейші әскерге шақыру қағазын осы көктемде алған. 21 жасар спортшы сәуір айында әлем чемпионатына дайындалу үшін Қазақстан ұлттық құрамасының сапына қосылған. Алайда ол негізгі құрам қатарына ілінбеді.

“Барыс” хоккей клубының баспасөз қызметі де спортшының дәл қазір командамен бірге емес екендігін растады.

“Расымен Дамир Рыспаев қазір іскерде. Онда арнайы бағдарлама өтіп жатыр. Нақты қандай бағдарлама екенін әзір айта алмаймыз”, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

обоб

Еске сала кетсек, Дамир Рыспаев қазақстандық хоккей жанкүйерлері үшін жақсы таныс спортшы. Әсіресе ол әдемі ойынынан гөрі қарсыласқа жұдырық ала жүгіріп, төбелесе кететін әдетімен танымал. Әрі ол жұдырықтасқан спортшысынан жеңіліп те көрген емес. Ол осы әдетінің арқасында 22 қаңтар күні қатарынан 5 матчқа шеттетілген болатын.

Талқылау