Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барымташы асыл тұқымды арғымақты ұрлап әкетіп, сойып тастаған

Ұры асыл тұқымды жылқыны ұрлап, сойып тастаған. Келтірілген шығын құны 2 миллион теңгеге бағаланауда.

11007006Сурет РИА Новости сайтынан алынды

Алматы облысының полицейлері жылқы ұрлады деген күдіктіні қолға түсірген. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметі бойынша, 8 ақпан күні Қарасай аудандық бөлімшесіне жергілікті шаруа қожалығы хабарласып, 2015 жылдың желтоқсан айында белгісіз біреудің таза қанды, асыл тұқымды жылқысын ұрлап кеткенін айтып шағымданады. Тұрғын өз малын өзі іздеп көргенінен түк нәтиже шықпағанын айтады.

«Жедел-іздеу шаралары арқасында жылқыны Қошмамбет ауылының 37 жастағы тұрғынының ұрлап әкеткені анықталған. Қылмыстық айғақ ретінде үйдің жанын тінту кезінде шұңқырдан жылқы терісі табылды», – делінген хабарламада.

Зардап шегушіге төленетін материалдық шығын құны 2 миллион теңге шамасында болмақ. Жылқы ұрлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды.

Талқылау