Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Барселона» Twitter-де Реалды қолдау ұранын көтерген футболшымен келісім шартт бұзды

Испандық «Барселона» жастар құрамында өнер көрсететін Серхи Гвардиоламен жасасқан еңбек шартын бірнеше сағат өтер-өтпестен бұзды.

qYsOaoRRO1c

Белгілі болғандай, бұған ойыншының твиттердегі парақшасына Каталония мен клубқа қатысты жазған хабарламалары себеп болған, деп хабарлайды «Барселонаның» сайты.

2013 жылы Гвардиола Twitter желісіндегі парақшасына Hala Madrid деген ұранды («Барселонаның» басты қарсыласы – мадридтік «Реалды» қолдау ұраны) жазып, Каталонияға қатысты ар-намысқа тиетін твитті жариялап, балағат сөздер жазған.
Ал Гвардиоланың өзі мұнысын досынан көрді.

«Мәселенің басын ашып алайық: бұл хабарламаларды жазған мен емес. Мұны менің телефонымды қолына алған досым жазған, түсініспеушілік осыдан барып туындады. Твиттерді досым 2013 жылы әзілдеп жазған. Мен тіпті бұл хабарламалардың бар екендігін білмеппін. «Барселона» маған жақсы қарым-қатынас жасап келді. Сол себепті мен клубтың неліктен бұлай еткенін түсінемін», – деп жазды Гвардиола.

Талқылау