“Барселона” ерекше ойыншыға көз тігіп отыр

Сенбі, 16 Қаңтар , 2016 23:44

Англия ұлттық құрамасы мен “Эвертонның” қорғаушысы Джон Стоунз карьерасын “Барселонада” жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы AS ақпараттық порталы таратып отыр.

1232497-26346399-1600-900

Аталған басылымның жазуынша, ойыншы осы жазда каталондықтар қатарын толықтыруы мүмкін. Әзірге екі клуб осы келісім бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Келісімге нақты баға әлі белгіленген жоқ. Десе де болжам бойыншы, “Эвертонның” жас перісі 25 миллион евроға бағалануы мүмкін.

Стоунзға сондай-ақ, “Манчестер Юнайтед” пен “Челси” де қызығушылық танытуда. Өткен жаздағы трансферлік терезе сәтінде де ақсүйектер ойыншына қатарларына қосуға тырысқан болатын.

Стоунз өз кәсіби мансабын “Бернли” клубында бастаған. “Эвертонға” 2013 жылы келді. Премьер-лигада 63 матч өткізіп, бір гол соққан. Ал 2014 жылы Англия ұлттық құрамасы сапында алғашқы кездесуіне қатысты. Бүгінге дейін құрама намысын қорғау үшін, 7 матчта алаңға шыққан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар