Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Барселона” Чемпиондар Лигасының жартылай финалына шыға алмай қалды (видео)

Католониялық “Барселонаны” мадридтік “Атлетико” жарыс жолынан ығыстырып тастады. “Висенте Кальдерон” стадионында өткен жауапты матчта алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті.

photo_75106

© AFP

Матчтағы екі голды да француз шабуылшысы Антуан Гризманн соқты. Осылайша екі ойынның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен мәртебелі турнирді әрі қарай “Атлетико” жалғастыруға мүмкіндік алды. Еске сала кетсек, “Камп Ноудағы” алғашқы ойын 2:1 есебімен “Барселонаның” пайдасына шешілген еді. 15 сәуір күнгі жеребе тарту рәсімінен кейін жартылай финалдың жұптары анықталады.

Сондай-ақ, чемпиондар лигасының жартылай финалына “Волфсбургті (3:2) жеңген мадридтік “Реал”, “ПСЖ”-дан басым түскен “Манчестер Сити” (3:2) және лиссабондық “Бенфикадан” айласын асырған “Бавария (3:3) шықты.

Талқылау