Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығы аман қалды: Мексикада ұшу кезінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Мексикада Виктория де Дуранго әуежайынан ұшып кеткен Aeromexico жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Абырой болғанда, апат салдарынан адам шығыны болған жоқ, барлық жолаушылар таңғажайып жағдайда аман қалды.

Барлығы аман қалды: Мексикада ұшу кезінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Бұл туралы Би-би-си хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жолаушылардың басым бөлігі ұшақ кабинасынан өздері шыққан.

Барлығы аман қалды: Мексикада ұшу кезінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Денсаулық сақтау министрлігінің алдын-ала деректері бойынша апат салдарынан 85 адам зардап шекті. Қазір олар жақын маңдағы ауруханада жатыр.

Барлығы аман қалды: Мексикада ұшу кезінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

97 жолаушы мен 4 экипаж мүшелері бар Embraer E90 ұшағы “Хенераль Гвадалупе Виктория” әуежайынан Мексика астанасына бағыт алған болатын.

Ұшақ ұшып-қону жолағынан ұша сала бірден құлады. Апатқа ұшыраған ұшақ оқиға салдарынан көп ұзамай өртеніп кетті.

Барлығы аман қалды: Мексикада ұшу кезінде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау