Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барлығы 6 ана көз жұмды: Жезқазғанда екі босанушы әйел мен сәбидің өлімі тексеріліп жатыр

Жезқазғанда медициналық орталықта босанушы екі әйел мен бір сәбидің өлімінен соң мекеме басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Марқұм болған әйелдің бірі құрсағындағы сәбиімен бірге көз жұмды.

Департамент науқастар өлімінің себебі мен қалай болғанын анықтаған соң жауапты адамдарды жазалауға нұсқама берді.

«Қазіргі жағдайда басшы өз еркімен қызметінен кетіп отыр», – деді Смирнова.

Айтуынша, 2018 жылы облыста 6 босанушы әйелдің өлімі тіркелді. Оның үшеуінің өлімінің алдын алу мүмкін болмаған.

«Жезқазған перзентханасының басшысының қызметінен кетуі науқастардың өлімімен байланысты емес. Облыста босанушы әйелдерге қатысты 6 өлім жағдайы тіркелді. Оның үшеуін аман алып қалу мүмкін емес еді. Ал, басқаларына да көмек көрсетілген, бірақ қателіктер кеткен. Соған байланысты және заңбұзушылықтарға қатысты департамент материалдарды тергеу органына жіберді»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары, мемлекеттік медициналық бас инспектор Ольга Смирнова телефон арқылы берген жауабында.

Департамент сәби өлімін тексеріп жатыр. 11 айдың қорытындысы бойынша, сәби өліміне қатысты 156 оқиға тіркелді. Бұл жыл ішіндегі республика бойынша орта көрсеткіштен төмен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау