Барлық диетаға тән қателік анықталды

Көптен күткен жаз мезгілінің жақындауымен адамдардың көбі сымбатын қалпына келтіріп, артық салмақ тастауға тырысады. Алайда барлық диетаға тән бір қателіктің салдарынан талпынысыңыз бекер болуы мүмкін, деп санайды Калифорния университетінің ғалымдары. 

Барлық диетаға тән қателік анықталды

Анықталғандай, грейпфрут диетасы, кетодиетаны ұстансаңыз, немесе қарақұмықты айранға салып жесеңіз де, бастысы суды аз ішсеңіз, нәтижесі өзіңіз күткендей болмайды, деп жазады Stan.kz.

«Артық салмақтан арылу үшін жай ғана суды көп ішу жеткіліксіз. Алайда су тамақтану тәртібіне енсе, айтарлықтай көмектеседі», - делінеді хабарламада. 

Ғалымдар суды көп ішу экстремалды диеталар кезінде айтарлықтай маңызды екенін айтты. Әсіресе, арықтау кезінде етті көп жейтіндер үшін. Мұндай жағдайда, организмде сұйықтықтың жеткіліксіз болуы арықтаудың нәтижелігін төмендетіп қана қоймай, бүйрекке байланысты қиындықтар тудыруы мүмкін. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр