Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш уақыт тамақ жасаймын": Айсәуле Бақытбек өзінің жақсы келін екенін айтып мақтанды

Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек отбасылы өмірі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.  

Айсәуле

Жарының ата-анасымен бірге тұратын бойжеткен отбасымен жұмысты қатар алып жүруге үлгеретінін айтып, өзінен жақсы келін шыққанын жеткізді.

«Барлығымыз бірге тұрамыз. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас келінге тапсырылады», - дейді ол.

Жарымен 5 жылға жуық уақыт бойы кездесіп, отау құрған Айсәуле керемет отбасы болғанын жасырмайды. Келін ретінде әулетке сіңіп кеткенін де айтты. Жан-жақты қыз күйеуінің ата-анасына құрмет көрсетуге, жұмыс істеуге, жақсы жар болып, өз-өзіне қарауға да үлгеріп жүргенін жасырмады.

Талқылау