Арбаға таңылған жігіттің өмірін сүйіктісі түбегейлі өзгерткен

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 21:20

Арнұр Ысқақов осыдан 8 жыл бұрын суға ағып бара жатқан қызды құтқармақ болғанында, омыртқасына зақым келеді. Жедел ауруханаға жеткізіліп, артынша арбаға таңылатыны анықталады. Десе де, жігіт тағдырдың қатал сынына еш мойымаған. Бүгінде ол “Жас Отан жастар қанатының” беделді мүшесі әрі адал жар мен сүйікті отағасы. Ол отандық бағдарламада алғаш рет басынан өткен оқиғаны баяндап берді. Мұнымен қатар, өмірін түбегейлі өзгерткен сүйіктісіне алғыс айтты.

12357477_474682789382686_1083419112_n

Фото: instagram.com/arnur7/

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Жарым екеуіміз 2003 жылы таныстық. Ол кезде екеуіміз де Алматы қаласының студенттері едік. Медицина колледжінде аудиториялардың арасы шкафтармен бөлініп тұратын. Ол екінші топтың старостасы болды. Мінезі пысық, үнемі мұғалімнің орнына дәріс оқитын. Тобын алға сүйреп жүретін. Бірақ, бір-бірімізді бұл уақытта дұрыс танымайтын едік. Оның үстіне телефон да болмады. Бір күні қағазға “Даусың қандай әдемі” деп жазып оған лақтырып жіберемін. Ол оқып, кейін дәрісті ары қарай жалғастыра береді. Мен Астанаға ауысқан соң арамыз суып кетті. Сол жақта маман болып қалып қойдым”, – дейді Арнұр.

Жігіттің сөзін жары Лаура жалғады. Бастапқыда оны өзінің де ұнатқанын жасырмады.

“Дәрістен шыққан соң, жаныма келді. Екеуіміз жақсылап таныстық. Мен әлгі хатты кім лақтырғанын білетін едім. Өйткені, Арнұрдың Ринат есімді досы оның маған деген сезімі туралы айтып қойған болатын. Мен де сыртынан қарайлап, ұнаттым. Сөз салды, бірақ қыз-жігіт болып жүрмедік. Колледжде оқып жатқанымызда, үялы телефон жаңадан шығып жатты. Бізде болғанымен, бір-біріміздің нөміріміз болмады. Екеуіміз оқу бітірген соң, арамыз үзіліп кетті. Арнұрдың әкесі Ринатқа хабарласып болған қайғылы жағдайды баяндап береді. Ринат мені іздеп тауып, барлығын айтады. Әлі күнге дейін Ринаттың мені қандай мақсатта іздегенін білмеймін.  Бастапқыда “Неге бұл қыз он екі мүшесі сау бола тұра бұл жігітке қарады?” деген секілді сыни пікірлер болды. Елдің менің өміріме араласуға құқығы жоқ. Бұл – тек менің өмірім. Ең бастысы, таңдауымды әке-шешем құптады. Қалған адамның пікірі мен үшін маңызды емес. Мен Арнұрды шын жақсы көремін. Болды! Құдайға шүкір, көп ұрыспаймыз. Отбасы болған соң, кішігірім кикілжіңдер болып тұрады. Қазір керісінше көп адам батасын беріп жатады”, – дейді Арнұрдың келіншегі.

11849814_1032081386811085_580757130_n

12965741_1735816219991246_142158446_n

Арнұр құтқармақ болған 8-сынып оқушысы әзілдеп жігіттерді көмекке шақырған екен. Десе де, арбаға таңылған азамат оған еш ренжімейтінін айтады. Мұнымен қатар, екі жылдай ішқұса болып, жұртпен араласпағанын да тілге тиек етті. Оның өмірге қайта оралып, қоғаммен тығыз араласуына әйелі мен 3 жасар қарындасы себепші болған екен.

13628453_1762929897310412_1220475156_n

11363890_323782977745761_1110657812_n

“Аяқ астынан достарым шақырып, бірге көлге бардық. Жалпы жақсы жүземін. Жұртты батып жатқанын айтып, көмекке шақырған қыз 8-сыныпта оқиды. Соны құтқармақ болып секіргенімде, басымды қатты затқа ұрып алдым. Осының салдарынан мойын омыртқама зақым келді. Достарым шығарып, бірден ауруханаға жеткізді. Ота жасалып, арбаға таңылдым. Әлгі қыз бар болғаны жігіттердің назарын өзіне аудартпақ болған екен. Әрине, оны кінәламаймын. Ойыннан өрт шықты деген осы ғой.

12822357_830621153734289_621927996_n

10369269_525769790934278_89788922_n

2010 жылы жарым екеуіміз бір-бірімізді тауып, 2013 жылы үйлендік. Екі жылдай ешкіммен сөйлеспедім. Мен төсек тартып жатқанда үш жасар қарындасым маған қарайлап, тамақ беретін. Ары-бері аунатып, тұруымды өтінетін. Сол қарындасым маған өмірді сүюді үйретті. Ал жарым өмірге деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Тәубе, қазір барлығы жақсы. Бұл жағдайды толықтай қабылдадым. Әртүрлі кино көрдім. Өмірге келген соң, оны сүю керек”, – дейді Арнұр.

Азамат дәл қазір Еуразия университінде магистратурада білім алып жатыр. Мұнымен қатар, “Жас Отан жастар қанатының” беделді мүшесі. Назарларыңызға Арнұр Ысқақовтың сүйіктісі Лаураға арнаған өлеңін ұсынамыз:

Асыл жар, аяулы жар, құдай қосқан,
Өзіңсіз көңілімді мұнар басқан.
Егер де сен болмасаң, көкте күн мен,
Көгімде күлімсіреп тұрар ма аспан?!
Жаратқан ұлда берді, қыз да берді,
Түсіме ене алмайды қыздар енді.
Өзіңсің бақ жұлдызым жарқыраған,
Табамын жүрегіңнен ізгі әлемді.
Уық қостың сен менің уығыма,
Жылынамын жаныңның жылуына.
Жар болғалы өзіңді ұмытқансың,
Өбектеп менің ыстық – суығыма.
Шаттығын тіршіліктің тең бөлісіп,
Аққудай аялайсың көлбеп ұшып.
Қылығың, еркелігің, нұрлы жүзің,
Сонау бір, алғаш көрген, кезден ыстық.
Аяулым, жаулап алған ер жүрегің,
Әлпештеп анама ұқсап елжіредің.
Бар бақытым бір менің басымдағы
Қарашы, жанарыңда мөлдіреуін.


Жіберіп алмаңыз:

Есентаеваның жаңа фильмінде кезінде «Махаббат бекетінде» ойнаған актерлер бой көрсетеді

Махаббатың 5 кезеңі: неліктен 3-кезеңнен өте алмаймыз?

Қытайлық жігіт сүйіктісіне деген махаббатын 999 қорап мүшеқаппен білдірді (фото)

Сәбит пен Айгүл махаббат туралы телехикаяға түсіп жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
23 күні 11 сағат кері

Арнур Аллам Куат берсин саган.мен корип сени озиме сабак алдым бакытты бол

Анонимно
23 күні 22 сағат кері

Бакытты болындар! Басымды иемiн!

Анонимно
24 күні 5 сағат кері

Арнұр аға Лаура жеңгеммен осы жазда Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қонаққа келгенінде күтіп алған болатынмын. Ол кісілермен кездесу мен үшін ерекше əсер қалдырды. Əн айтатын өнерлері де бар. Аллах жұптарыңызды жазбасын.

Анонимно
24 күні 14 сағат кері

Алла ардайым оздеринди колда сын!!!

Бағлан
24 күні 21 сағат кері

Ең бастысы бір-біріңізге деген махаббат, түсініспеншілік өшпесін. Алла тағала екі дүние бақытын нәсіп етсін

Анонимно
25 күні 6 сағат кері

Бақытты болыңыздар !

Анонимно
25 күні 15 сағат кері

Алла қуат берсін

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар