Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрін қарап шығу керек: Сәуле Айтпаева ОҚО-дағы бала және тағайындалған қызметі туралы айтты

Қазақстан Республикасының бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкілі Оңтүстік Қазақстан облысындағы зорланды деген 7 жасар баланың жағдайына назар аударады. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева журналистерге берген барында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Сауле Айтпаева

“Алдымен бәрін анықтап, жүйелі түрде қарап шығу керек. Осы жұмыстың негізінде алдағы уақытқа жоспарлар жасалады. Бірінші болып балалар құқықтарын қорғау мәселесіне баса назар аударылады. Жаңа туылған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балалар біздің қорғауымызда болады. Мен бір күннің ішінде миллиондаған баланың анасы болып шықтым. Бұл үлкен жауапкершілік, мемлекет басшысының жоғары сенімділігі», – деді Сәуле Айтпаева.

Омбудсменнің айтуынша, ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы 7 жасар балаға міндетті түрде назар аударады, себебі ол балалар мен олардың ата-аналарының құқықтарына, уәкілетті органдардың міндеттерімен тікелей  байланысты.

Сәуле Айтпаева сондай-ақ, мұндай істерді болдырмау үшін, ең алдымен, ата-анасы баласына назарын аударуы қажет екенін айтты.

“Біріншіден, ата-аналар өз баласының көңілін түсінуі керек. Оны қандай мәселелер мазалап жүр, баланың көңілі неге алаңдайды, соның бәрін білуі тиіс. Екіншіден, мұғалімдер де баланың көңілін бақылуы қажет. Әлі есімде, біздің кезімізде мұғалімдер анамыз сияқты болды. Отбасының жағдайын, баланың қандай мәселеге алаңдап жүргенін – бәрін-бәрін біліп отыратын. Меніңше, қазіргі сынып сағаттарын мұғалім мен бала арасындағы байланысты орнатуға арнау қажет. Негізі, мұғалімге, анаға, әкеге деген сенім болса, баланың өз-өзіне деген сенімі де мықты болады. Дәл осы сенімді күшейтуіміз керек. Әке кодексі, ана кодексі сияқты бір құжат болу керек сияқты. Сонда нақты ақыл-кеңестерді көрсетуге болады”, – деп атап көрсетті С. Айтпаева.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Парламент Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау