Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрімен дос еді: Ақтауда көз жұмған КВН-шінің ағасы марқұм туралы айтып берді

Бүгін, 23 шілдеде, Ақтөбеде бұрынғы КВН-ші Данияр Әлімбаевты жер қойнына тапсырды. Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға көптеген адам келіп жатты. Даниярдың ағасы оның мейірімді, жақсы адам болғанын және төбелеске құмар болмағанын айтты.

Бәрімен дос еді: Ақтауда көз жұмған КВН-шінің ағасы марқұм туралы айтып берді

Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Полицейлер көп ештеңе айтып жатқан жоқ. Мен ол кезде басқа қалада болғанмын. Видеодан ол жерде 3-4 адамның шабуылдап, төбелескені байқалады. Олар сөзге келіп қалған болуы мүмкін. Нақты білмеймін. Бірақ бауырым танысын жақтағаны туралы қауесет айтылып жатыр. Ол ешқашан төбелеске кіріспейтін. Бәрімен дос еді. Мен өзімнің туған бауырымды білемін ғой», – дейді Батыр Әлімбаев.

Бұған дейін желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап кеткен еді.

 

Марқұмның туыстары оны өлтірген адамдардың жазаланатынына сенімді.

«Олардың ең қатаң жаза алатынына сенемін. Себебі адамның өмірін жайдан-жай қия салуп, 4 баласын әкесіз қалдыруға болмайды», – дейді Батыр Әлімбаев.

Данияр Әлімбаевтың өліміне қатысты ұсталғандар 21, 22 және 23 жаста. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Данияр Әлімбаев отбасын Ақтауға көшіріп алуды жоспарлап жүрген. Ол осы жерде тұруды жоспарлап, жұмыс та тапқан екен.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтауда КВН-нің бұрынғы ойыншысын Данияр Әлібаевты пышақтап кеткен еді.  Ауыр жарақат алған ол, өмірден озды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау