Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бәрі үшін рахмет: Геннадий Головкин Нұрсұлтан Назарбаевқа сөз арнады

Белгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин кеше ғана өкілеттілігін тоқтатып, отставкаға кеткен Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz.

Бәрі үшін рахмет: Геннадий Головкин Нұрсұлтан Назарбаевқа сөз арнады

«Қазақстанның азаматы және өз елімнің патриоты ретінде, біздің Тұңғыш Президентімізге ең алдымен, тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтқым келеді. Біздің өз туымыз, елтаңба мен әнұранымыз бар. Бізде мақтан тұтып, жан-тәнімізбен жақсы көретін көпұлтты Қазақстанымыз  бар», - деп жазды Головкин өзінің Instagram парақшасында.

«Нұрсұлтан Әбішұлы сізге бәрі үшін алғыс айтамын! Сізге мықты денсаулық, ал біздің жас елімізге – гүлдену мен амандық тілеймін», - деп қосты GGG.

Нұрсұлтан Назарбаевтың белгілі боксшы Геннадий Головкинге әрқашан қолдау көрсеткенін атап өту керек. Ал өткен маусымда Головкин Қазақстан басшысына чемпиондық белдіктерін сыйға тартқан болатын.

Тағы оқыңыз: Назарбаев кеткен жоқ: сарапшы Қазақстан президентінің отставкаға кеткені жайлы

Әдемі кетті: қазақстандықтар Назарбаевтың кететіні туралы жаңалықты қалай қабылдады

Тарихи сәт: Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды (видео)

Қазақстандықтар теңгенің құлдырауынан қорқады: Ұлттық банк мәлімдемесі

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау