"Бәрі талып қала жаздады": Сара Амангелді 7 жасында рөлге отырып, ауылды аралаған

Жақында жаңа автокөлігін көрсетіп мақтанған Сара Амангелді құттықтау сөздерінің астында қалды. Қызығы, Сара алғаш рет көлік рөліне 7 жасында отырған екен. 

Сара Амангелді

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Мен өзім машиналарға қатты қызығатынмын кішкентай кезімнен. Жеті жасымда ауылда ағамның машинасын оталдырып бүкіл ауылды айналып келгенмін ғой мен өзім. Сондай да оқиғаларым бар. Көрген кезде бәрі талып қала жаздаған", - дейді Сара Амангелді.

Бала күнінен көлік тізгіндеген Сара осы уақытқа дейін талай тұлпарды тізгіндеген. Басым бөлігі - ата-анасының сыйлығы. Сол үшін 23 жастағы бойжеткеннің алғысы шексіз. 

"Машина болды 18 жасымда, 21 жасымда Аллаға шүкір қатты ризамын. Машинамды ауыстырып тұруға мүмкіндік бар екенін. Өйткені әркім не может себе позволить деген сияқты. Соған қуаныштымын", - дейді Сара Амангелді.
Көлік кілтін біреудің қолынан алғандардың қатарында Айқын да бар. Алайда Сара сияқты оған автокөлік кілтін ата-анасы емес, досы табыстаған. 

"Мен үшін ең есте қалған сыйлық – Ержан деген Астанадағы досым маған машина сыйлаған. Енді жаңа музыкалық жолымды бастап жатқанда, финансовый жағдай қиын болды, сол кезде демеу болып, маған машинасын сыйлаған болатын", - дейді Айқын. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр