Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Бәрі қанға боялған»: Қазақстан жолдарындағы ұрлықтар мен қылмыстар

Заманға сай жаңа автокөліктер мен жаңа жолдар салынып жатса да қауіпсіздіктің деңгейі әлі күнге дейін төмен болып тұр. Бұл қауіп көлік жүргізушілеріне де, жолаушыларға да қатысты. Полицияға жол бойындағы төтенше жағдайлар туралы арыздар күнделікті түскенімен, кінәлі қылмыскерлерді табу оңайға түспеуде. Осындай қылмыстардың құрбаны болған ер азаматтың денесі Қостанай облысының Лисаковск қаласы маңында 9 қыркүйек күні табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «Еуразия» бірінші арнасының «Аналитика» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Бәрі қанда»: Қазақстан жолдарындағы ұрлықтар мен қылмыстар

Қостанай облысындағы Лисаковск қаласына он километр қалған жерде алысқа қатынайтын көлік жүргізушісін атып кеткен. Оның денесі 9 қыркүйек күні табылған. Облыс тұрғындарының айтуынша, осы күндері жол бойларында күшейту жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлері қарумен жүрген. Бұл шаралар жүргізушінің өліміне күдіктіні ұстауға бағытталған, және қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өкілетті орган өкілдері басқа ешқандай деректерді атамайды, тіпті қайтыс болған жүргізушінің аты да айтылмады.

Мұндай жол бойындағы қылмыстар Қостанай облысымен шеттелмейді, бұған дейін де басқа аймақтарда балама қылмыстар болған. Алайда олардың көбін жұрт тек әлеуметтік желілерде тарап кеткен дыбыс жазулары мен фотодеректер арқылы біліп жатады.

Қылмыскерлердің кезекті құрбаны болған 52 жастағы Ақтөбе облысының көлік жүргізушісі. Жол шетіне тамақтану үшін тоқтаған ер адамның ішіп отырған шайы соңғы болған.

Бұл оқиға қоғамды дүр сілкіндірді. Тіпті Қазақстаннан басқа елдерде де айтылып жатты. Әйелдері күйеулерін жіберуге қорқып, ал кейбір жүргізушілерге мамандықтарын ауыстыруға тура келді. Және сол қылмыс болған аймақты көбі айналып өтуге тырысты.

«Барлық жүргізушілер шошып қалған. Сендер жақтың жолдарынада адамдарды өлтіріп жатыр екен ғой деп барлығы үрейленіп жүрді. Көптеген сұрақтар болды», – дейді Руслан, алысқа қатынайтын жүргізуші.
Ақтөбе облысында қайтыс болған азаматтың көршісінің айтуынша, қылмыскер бетперде киген екен.

Айтар болсақ, осы оқиға болардан екі апта бұрын тағы осы Ақтөбе облысында жолаушылар автобусына оқ атқан. Оқиға салдарынан жарақат алған бір жолаушыны ауруханаға жеткізген. Қылмыскерлер ақша мен қымбат бұйымдарды алып кеткен.

Полиция қызметінің бұрынғы өкілінің айтуынша, қылмыскерлерді жіберетін жүргізушілердің таныстары болады. Олар көлің иесінің қай кезде және қай жерде, тіпті жүк көлігінде не бар екеніне дейін барлық ақпаратты алдын ала біледі.

Тоқсаныншы жылдарды алар болсақ, ол кезде қылмыскерлер жүргізушілерден ақшаны ашық түрде талап ететін. Ол кезде ақша төлеген адамға ешкім тиіспейді.

«Бұрын жүргізушілерге белгілі қашықтықта жол жүру үшін «үстінен қарайтындар» оларға әр жерде ақша көлемі көрсетілген жазба хат қалдырып отыратын. Ол кезде полициядан көмек күту мүмкін емес еді. Осылай 1996 жылдарға дейін жалғасты», – дейді «Автокөлікшілерге көмектесу ұйымының» жетекшісі Руслан Лазуга.

Бірақ кейбір өңірлерде бұзақылардың дәуірі әлі де жүріп тұр. Мысалы Атырау облысында қылмыстық топ екі жыл бойы жолаушылар автобусының жүргізушілерінен ақша алып келген. Атырау, Астрахань, Бейнеу қалалары жолдарында күніне 5000-25000 теңге аралығында ақша жинаған. Егер жүргізушілер төлемеген жағдайа не боларын кім біледі?! Бұл тарапта ҰҚҚ қызметкерлері жақсы жұмыс атқарып, аталған қылмыскерлерді ұстап, тексеру барысында қылмыстық топты құрушылар деструктивті діни ағым өкілдері екені анықталған.

Қылмыскерлерден зиян шегіп жүрген Алматы облысының жүргізушілері де құны миллион теңгеге шақтайтын тауарларынан айырылуда. Басқаларға қарағанда жаман жолдарды қылмыскерлер жақсы көреді, өйткені ол жерлерде жүргізушілер аз жылдамдықпен жүреді.

Көліктік компанияның басшысының айтуынша, қылмыскерлер көлікке аз жылдамдықпен келе жатқанда кезде отырып алып, адам аз жерге келгенде тауарларды сыртқа лақтырады екен.

Ал жүргізушілердің ойынша, Қапшағай мен Үшарал аралығындағы жолдар ең қауіпті. Олар бұл қашықтықты күндізге кезде және тезірек өтуге тырысады екен және қылмыскерлердің тобына қаншалықты мықты болса да ешкім жалғыз қарсы шықпайды, кейде тіпті ұрыларды айнадан көрсе де, оған көз жұмып, ары қарай сапарын жалғастыра береді.

Қылмыскерлердің құрбаны болған Семей өңірінің алысқа қатынайтын жүргізушісі Ерсін Нұрғалиев ұрлықпен осыдан үш жыл бұрын кездескен. «Кетіп бара жатқан кезінде көліктің қақпасын жұлып алған кездер болды. Солай көліктегі жарты тауарды бірақ ұрлап алады. Бәрі алыс жолға көлік айдап шығуға қорқады.», – дейді ол.
Кейбір жүргізушілер қатарынан екі-үш көлік болып шығатындарын айтады. Солай олар бір-біріне қолдау көрсетіп келеді екен.

Ал жолдағы қылмыстар мен ұрлықтар көбінесе соңына дейін тергелмей, кінәлілер анықталмайтын қылмыстар қатарына жатады. Ал жүргізушілердің ойынша, полиция қызметкерлері істі белгілі сылтаулар айтумен ұзаққа созады, кейде тіпті жауып тастайды.

Ал Жамбыл облысында тапа тал түсте көлікке бетперде кигендер шабуыл жасап, артынша полиция қызметкерлерімен ұсталған. Бірақ жарты жыл бұрын орын алған Ақтөбе облысындағы қылмыстар әлі күнге дейін ашылмаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау