Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Бәрі ақша сұрайды”: Алматылық көпбалалы ана тіркеуде тұрмағаны үшін мемлекеттен көмек ала алмай отыр

Елімізде көпбалалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың дені тіркеусіз жүр. Сондықтан олар мемлекеттен берілетін көмектен қағылып отыр. Сондай аналардың бірі алматылық Қарлығаш Шүкібаева тіреуде тұрмағандықтан көрген қиындықтары туралы айтып берді.

"Бәрі ақша сұрайды": Алматылық көпбалалы ана тіркеуде тұрмағаны үшін мемлекеттен көмек ала алмай отыр

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алматы қаласы Шаңырақ ықшамауданында тұратын көпбалалы ана Қарлығаш Шүкібаева қиын жағдайда өмір сүріп жатқанын жылап отырып айтты. Оның балаларының әкесі мүгедек екен. Талма ауруымен ауырады. Соған қарамастан Сейфуллин көшесіне шығып, ара-тұра жұмысқа жалданады. Ал отанасы үйде. Оған төрт баласы үшін мемлекеттен 10 500 теңге көлемінде көмек беріледі. Көпбалалы отбасы үйді жалдағаны үшін айына 15 мың теңге төлейді.

"Бәрі ақша сұрайды": Алматылық көпбалалы ана тіркеуде тұрмағаны үшін мемлекеттен көмек ала алмай отыр

Қарлығаш Шүкібаева балаларын тастап жұмысқа шығайын десе тіркеуде тұрмағаны қолбайлау болып тұр екен.

«Көмек көрсетілмейді, айтқанымызды тыңдамайды. Бірінші: «Тіркеуде барсыз ба?» – деп сұрап аузымызды жабады. Жоқ екенін айтамын», – дейді төрт баланың анасы.

"Бәрі ақша сұрайды": Алматылық көпбалалы ана тіркеуде тұрмағаны үшін мемлекеттен көмек ала алмай отыр

Қарлығаш Шүкібаева тіркеуге тұрудың амалдарын да іздеп көрген. Алайда ол үшін ақша керек екенін айтады.

«Бәрі ақша сұрайды ғой. Тіркеуге тұрғызатын адам іздеп «жетім бұрышқа» дейін бардым. Адам басына 25 мың сұрайды», – дейді ол.

"Бәрі ақша сұрайды": Алматылық көпбалалы ана тіркеуде тұрмағаны үшін мемлекеттен көмек ала алмай отыр

Бұл тек осы отбасының басындағы мәселе емес. Алматыда уақытша баспаналарда тұрып жатқандардың саны қаншама. Олардың нақты санын биліктегілер де білмейді. Ал мұндай үйде тұратындардың дені тіркеусіз жүргендер екені айтпаса да белгілі. Сондықтан көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасылар тірлігіміз тіркеуге тәуелді болмаса дейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау