Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барға келушіні соққыға жығып, орнына қойған даяршы қыз бүкіл әлемге танымал болды (видео)

АҚШ-та Джорджия штатының Саванна қаласындағы барлардың бірінде бүкіл әлем құлақдар болған оқиға орын алды. Бар қызметкері бөксесінен сипап өткен келушіні соққыға жығып, орнына қойды.

Барға келушіні соққыға жығып, орнына қойған даяршы қыз бүкіл әлемге танымал болды (видео)

Бұл туралы Fox News хабарлады,деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Барда даяршы болып жұмыс істейтін Эмелия Холден есімді 21 жастағы бойжеткен «ұятты жерін» ұстап алған клиенттің әрекетіне қатаң жауап берді. Даяршы қыз денесін түрткен бар қонағын мойнынан ұстап алып, еденге бірақ құлатты. Бұны көрген қыздың әріптестері бірден полиция шақырды. Ал, бойжеткен өзін сипап өткен ер адамды жібермей  ұстап тұрды.

Барға келушіні соққыға жығып, орнына қойған даяршы қыз бүкіл әлемге танымал болды (видео)

Бар қызметкері мен келушінің арасындағы қақтығыс бақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаны қарап шыққаннан кейін ер адамды тұтқындап, полиция бөлімшесіне алып кетті. Бойжеткеннің ұятты жерін ұстаған азғынға жыныстық шабуыл жасады деген айып тағылды.

Өзін қорғай білген даяршы қыз әлемдегі барлық әйелдерді өз құқықтарын және абыройын қорғауға шақырды.

«Сіздің кез-келген киім киюге және өзіңізді қорғауға құқығыңыз бар», – деді ол.

Ал, әйелдердің бөксесін ұстауға әуес флоридалық Райан Червински ұсталғаннан кейін бірнеше күн темір торда отырған. Даяршы қызды сипап өткен азаматтың әйелі мен екі баласы бар көрінеді.

Барға келушіні соққыға жығып, орнына қойған даяршы қыз бүкіл әлемге танымал болды (видео)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау