Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бард әнші Жанат Есентаев ұлттық араздық отын тұтатты деп күдікке ілінді

Батыс Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі “әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында тұрғындардың ұлттық бөлінушілікке шақырған хабарламаларын тапқан.

мв

Сурет Мой Город порталынан алынды

Белгілі болғандай, аталған іс бойынша полицейлер азаматтық белсенділер және бард әнші Жанат Есентаевқа қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын бастаған. Ол екі айдан бері Орал қалалық сотының шешімімен тұтқындалған.

“Тұратын жерін тексеру барысында Есентаевтан Украина туы мен “Жаңаөзен” деген жазуы бар ақ түсті 80 таңғыш шүберек табылды. Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздікке шақырған факті де әшкере болды. Белгісіз адамдардың “WhatsApp” желісі арқылы бір-бірімен сөйлесулерін тексеріп, олардың митингке дайындалғаны да анықталды. Аталған іс негізінде ҚР ҚК 272 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуда”, – деді полиция.

Еске сала кетсек, 18 мамыр күні Оралда азаматтық белсенділер Бауыржан Әліпқалиев, Исатай Өтеповтер де ұсталған.

Талқылау