Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Барби қуыршағының сырт келбеті өзгеріске ұшырады

Өзінің 57 жылдық тарихында Барби қуыршағы бірінші рет үш түрлі дене бітімі бойынша шығарылатын болды: биік, кішкентай және томпақ.

Бірнеше жылдан бері Барбиға айтылып келе жатқан сыннан кейін, Mattel компаниясы қуыршақтың бет-әлпеті мен дене бітімін өзгерту керек деген шешімге келген. Осыған дейін бренд, шектен тыс әлжуаз көрінеді деп сынға ұшыраған еді.

Әзірге жаңа жобаның қалай болары құпия түрінде қалып отыр. Жаңа Барби бейнесін жетілдіретін жоба Project Dawn атты кодтық атаумен аталуда. Компания қызметкерлеріне қуыршақтың бейнесінің қалай өзгеріп жатқанын бөгде адамдарға айтуға қатаң тыйым салынған.

Mattel 2015 жылы да Барбидің сыртқы келбетіне, шашына, көзіне, терісінің түсіне өзгерістер енгізген болатын.  Ал жаңа Барби сатылымға 28 қаңтарда түскен. Бұл қуыршаққа қарапайым халықтың қолы сәл кейінірек жетпек.

Барби қуыршағы алғаш рет АҚШ-тың Висконсин штатында 1959 жылы өндіріліп шыққан еді. Қуыршақты Mattel компаниясының негізін қалаушы Рут пен Эллиот Хэндлер ойлап тапқан. Барбидің толық есімі – Барбара Миллисент Робертс.

1 2 3

Талқылау