Барби болдым: Баян Алагөзова жастық шағының естеліктерімен бөлісті (фото)

Танымал продюсер Баян Алагөзова жастық шағының естелігімен бөлісті. Ол студенттік шақта тобының “Барбиі” болғанын айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Барби болдым: Баян Алагөзова жастық шағының естеліктерімен бөлісті

Баян Мақсатқызы Жүргенов атындағы (бұрынғы) театр институтында білім алған.

“Бір кездері мен Жүргенов атындағы театр институтының студенті болдым. Мәдина Балғабаева екеуміз керемет курста оқыдық, екі ғана қыз едік. Сондықтан да жігіттер бізді жақсы көретін, еркелететін. Мені Барби, ал Мәдинаны Күлбикеш деп атайтын”, – дейді Мақсатқызы.

Барби болдым: Баян Алагөзова жастық шағының естеліктерімен бөлісті

Алайда Алагөзова аталған оқу орнын бітірмеген. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуі Бақытбек Есентаев оны оқудан шығарып алған. Себебі әртіс болғанын қаламаған. Дегенмен, бала күнінен ел назарында жүргенді ұнататын Баян ақырында журналистика факультетіне түскен. Бұл туралы Баян Мақсатқызы өзінің автобиографиялық кітабында жазған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар