Барахолка мен элиталық супермаркеттер: Алматыдағы қауіпті нысандар тізімі толықтырылды

Алматы қалалық ТЖД адамдар көп шоғырланатын нысандарды тексерудің III апталық қорытындысын жасады, деп хабарлайды Алматы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Барахолка мен элиталық супермаркеттер: Алматыда қауіпті нысандар тізімі толықтырылды

2-18 сәуір аралығында қаупі жоғары саналатын 103 нысандарды тексеру жұмыстары басталды. Өткен аптада 63 нысанның тексерісі аяқталып, тексеріс нәтижелері жөнінде акт тапсырылды. Барлық жағдайда әкімшілік өндіріс қозғалып, айыппұл салынды.

«1 166 бұзушылық анықталды. Көптеген жағдайда бұзушылықтар бірдей: эвакуация маршруттарын жабу, сондай-ақ олардың жарықтандыруы, жарықпен бағытталған «Шығу» белгісі, ғимараттың өрт қауіпсіздігі (түтін шығару, дыбыстық ескерту, өрт сөндіру жүйесі және автоматты өрт дабылы)  қызмет көрсететін ешкім болмағандықтан, жұмыс істемейтін жағдайда», – дейді Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлерге нұсқаулықта анықталған бұзушылықтарды жою туралы нақтыланған мерзімдер берілді.

Осыған байланысты, Алматы қаласының ТЖД бұзушылықтарды жоюға дейін мына нысандарға бару қауіпсіз емес деп санайды:

  1. «Метро» СО, Солтүстік айналым көшесі, 32 «Г»
  2. «Елдәулет» СО, Жетісу-1 шағын ауданы, 40
  3. «Жібек жолы» СО, Шолохов көшесі, 29
  4. «Шығыс базары» СК, Достық шағын ауданы, Школьный көшесі, 22
  5. «ГУМ» СО, Қонаев көшесі, 21
  6. «Береке» СҮ, Рысқұлов даңғылы, 103/21
  7. «Фэшн Ритейл Қазақстан» СҮ, Абылай хан көшесі, 62
  8. «Саламат-1» СҮ, Шевченко көшесі, 204
  9. «Саламат-2» СҮ, Шевченко көшесі, 204 «А»
  10. «Саламат-3» СҮ, Розыбакиев даңғылы, 72 «А»
  11. «Саламат-5» СҮ, Шевченко көшесі, 204
  12. «Рамстор» СҮ, Назарбаев даңғылы, 226
  13. «Айсер» СҮ, Самал-1 шағын ауданы, 9
  14. «Асыл» СҮ, Түркебаев көшесі, 92
  15. «Студия» СҮ, Байтұрсынов көшесі, 56 «Б»
  16. «Еуразия» СҮ, Солтүстік айналым көшесі, 68/3
  17. «Планета электроники» СҮ, Төле би көшесі, 162/9
  18. «Армада» СҮ 1,2 блогы, Қабдолов көшесі, 1/8
  19. «12 месяцев» СҮ, Райымбек көшесі, 516
  20. «Baumarkt» СҮ, Төле би көшесі, 189 «А»
  21. «Юбилейный» супермаркеті, Абылай хан даңғылы, 74
  22. «Реалист» супермаркеті, Төле би көшесі, 187
  23. «Мизам» базары, Солтүстік айналым көшесі, 78/1
  24. «Олжа» базары, Бөкейханов көшесі, 29/5
  25. «Барыс» базары, Бөкейханов көшесі, 514
  26. «Би Сәлем» базары, Бөкейханов көшесі, 508
  27. «Жетісу» базары, Қайрат шағын ауданы, 181,182
  28. «Сары Арқа» базары, Алтынсарин көшесі, 28

Аталған бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыдағы марафон кезінде жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасап, жұртты таңдандырды (фото)

БҚО-да шенеунік желіде тарап кеткен даулы видеодан кейін қызметінен кетті

Көлсайдағы тау көшуінің куәгері: Тау бөлініп, гүрілдеген дауыс қоса естілді (фото)

Міндетімнен тыс жұмысқа «жегіліп», директордан қысым көрдім: Шымкенттік мұғалім мектеп директорын сотқа берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
22.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар